Новости КАЗ

Адам құқықтары жөніндегі бюро өкілі: Еңбек шартынсыз жұмыс істеудің кесірі көп

Адам құқықтары жөніндегі бюро өкілі: Еңбек шартынсыз жұмыс істеудің кесірі көп

Еңбек шартынсыз жұмыс істеу қызметкердің өзінеғана емес, мемлекетке де зор зиян. "Адам құқықтары жөніндегі Қазақстан халықаралықбюросы" ҚБ Батыс Қазақстандағы филиалыныңдиректоры Павел Кочетков осылай деп мәлімдеді.

Ресми тіркеусіз жұмысқа қабылдау мәселесі шағын және микро бизнес үшін өзекті. Жұмыс берушілер салық пен әлеуметтік жауапкершіліктен жалтаруғатырысады. Мәселен, қызметкер жұмыста жарақат алса, кәсіпкер оған ешқандай көмек көрсетпей құтылып кетеді.

«Жұмыс берушілер еңбек шартын әдейі жасамайды. Мұндай жағдайда қызметкердің құқығын қорғау өте қиын. Оған міндетті медициналық сақтандыру төленбейді, зейнетақы жарнасы аударылмайды, еңбек өтілі саналмайды. Кез келген уақытта жұмыстан шығарып жіберуімүмкін. Еңбек инспекциясына жүгінсе де, жұмыс істегенін дәлелдей алмайды. Өйткені қолында еңбек шарты жоқ», - дейді Павел Кочетков.

Жыл басынан бері «Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының» тек Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының өзіне 14 шағым түскен. Кочетков еңбек шартының болмауы жұмыстан заңсыз шығару мәселесі бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне екі рет жүгінген.

Заңда адамды еңбек шартын жасамай жұмысқа қабылдағаны үшін жауапкершілік көзделген. Лауазымды тұлғаларға 30 АЕК бастап, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Биыл айлық есептік көрсеткіш сомасы – 3 692 теңге. Егер мұндай заңбұзушылық бір жыл ішінде қайталанатын болса, жаза күшейтіліп, 60-тан 200 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.

«Уәкілетті орган еңбек шарты жоқ деп көмекберуден бас тартса, дұрыс емес деп ойлаймын. Телефонға ақша аударымы, куәгерлер сынды қызметкердің жұмыс істегенін растайтын басқа да дәлелдер бар ғой. Мұндай жағдайда уәкілетті орган тексеріс жүргізуі керек. Ал олар кәсіпкерліккодекске сілтеме жасап, адамды сотқа жібереді. Бұл жерде қызметкердің конституциялық құқығыбұзылып қана қоймай, мемлекетке де зиян келіпжатыр. Себебі кәсіпкер салықтан жалтарады, зейнетақы қорына, медициналық сақтандыруқорына төлем жасамайды. Бұл жерде уәкілеттіорган нақты тексеру жүргізіп, осы заңбұзушылықтарды өзі анықтап, дәлелдеуі керек», - деп атап өтті Павел Кочетков.

Бұл мәселе бойынша «Әділдік және өркендеу» қорының көмегіне жүгінетіндер аз емес. Еңбек дауына қатысты азаматтар кез келген өңірдегі Қордың қоғамдық қабылдау орталықтарына хабарласып, тегін кеңес ала алады.
2024-09-05 15:00