«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорына еңбек құқығы бұзылған жұмыскерлерден ондаған арыз түсіп жатыр. Басты мәселенің бірі – еңбек шартының жоқтығы. Қор заңгері Самира Тайтенованың айтуынша, еңбек шарты болмаса да, Конституция мен Еңбек кодексіне сәйкес қызметкердің барлық құқығы сақталуға тиіс. Заң осыған кепілдік береді. Самира Тайтенова осы мәселеге қатысты жиі қойылатын сауалдарға жауап берді.
– Егер еңбек шарты болмаса, жұмыскердің ешқандай құқығы болмайды деген пікір қалыптасқан. Бұл қаншалықты дұрыс?
– Бұл – қате түсінік. Еңбек шарты ресми түрде рәсімделмесе де, адам өз жұмысын атқарады ғой. Сондықтан еңбек заңнамасында көрсетілген барлық құқығы сақталуы керек. Еңбек кодексіне сәйкес, жұмысқа кіріскен сәттен бастап жұмыскердің де, жұмыс берушінің де құқығы мен міндеті күшіне енеді.
– Яғни, еңбек шартсыз жұмыс істеген адам мен жұмыс беруші арасында дау туындаса, қызметкер өз құқығын қорғай алады ғой?
– Әрине! Салық төлеуден жалтарып, еңбек нормасын сақтағысы келмейтін жұмыс беруші құжаттарды ресми түрде рәсімдемейді. Алайда мұндай жағдайдың өзінде қызметкер жалақы, еңбек демалысының ақысы мен өтемақы алуға құқылы.
Мәселен, Жетісу облысындағы фирманың күзетшісі сотқа жүгініп, жұмыс істегенін дәлелдеп, өз құқығын қорғады. Азамат К. екі ай еңбектенген, ал үшінші айда жұмыс беруші ешбір негізсіз жұмыстан шеттетті. Оның орнына өзінің туысын жұмысқа алған.
Азамат К. бұл шешіммен келіспей Жетісу облысындағы еңбек инспекциясы басқармасына жүгінген. Бұдан соң жұмыс берушімен арадағы еңбек қатынасын растауды сұрап, сотқа арыз жазған. Сондай-ақ өзін қайта жұмысқа алуын және жұмыссыз жүруге мәжбүр болған уақыттағы жалақысының төленуін талап еткен. 5 айлық жалақысы, жұмыссыз қалуына байланысты төленбеген өтемақы мен өсімпұл, алып үлгермеген еңбек демалысының ақысы және 100 000 теңге көлеміндегі моральдық шығынның өтелуін сұрады.
Сот бұл талаптарды ішінара қанағаттандырды. Азамат жалақы, өтемақы және 50 000 теңге көлеміндегі моральдық шығын сомасын алды. Өйткені ол мекемедегі бейнебақылау камераларының жазбалары, жұмысқа келуді тіркейтін журнал жазбалары мен бекітілген жұмыс кестесінің көмегімен өзі сол фирмада жұмыс істегенін дәлелдей алды.
Бұл жағдайда жұмыс беруші қателік жасап, еңбек қатынасын ресми рәсімдеместен жұмыскердің қызметке кірісуіне жол берді. Ол үшін жұмыс беруші айыппұл төлеуге тиіс. Бұл сома лауазымды тұлғалар үшін 30 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға – 60 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 80 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК. Бұл шамамен 110 мың теңгеден жарты миллион теңгеге дейінгі сома.
– Егер жұмыскердің құқығы бұзылса, қайда жүгіне алады?
– Еңбек шарты болмаса да, жұмыскер сотқа немесе еңбек инспециясына жүгінуге құқылы екенін білу маңызды. Куәлердің, құжаттардың, жазбалардың көмегімен мекемеде жұмыс істегенін дәлелдесе, құқығын қорғай алады. Жұмыскер сот арқылы жұмыс берушіден жалақысын ғана емес, қолданылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы алған жайт та болды.
Маңғыстау облысындағы кәсіпорындардың біріне заңгер жұмысқа орналасқан. Еңбек қатынасы ресми түрде тіркелмеген. Алайда заңгер сотта, мемлекеттік органдарда фирманың мүддесін қорғайтын сенімхат алды. Бұл еңбек қатынасын растайтын бұлжымас дәлел. Бір айдан соң жұмыс беруші еш негізсіз заңгерді жұмыстан шығарған. Ол сотқа жүгінді. Заңгер жұмыс істеген уақыты үшін жалақының төленуін және өзін қайта жұмысқа шығаруды талап етті. Оның бұл арызы қанағаттандырылды.
– Еңбек шартсыз жұмыс істеп жүрген адам еңбек дауына дайын болу үшін не істеуі керек?
– Ресми келісімшартсыз жұмыс істеп жүрсеңіз де, жұмыс берушімен арадағы жазбаларды, барлық құжатты сақтап, жұмыс уақытын белгілеп отыру қажет. Бұл материалдар сотта немесе еңбек инспекциясында дәлел бола алады. Жұмыскерлер мессенджерлердегі хаттардың скриншоттарын да дәлел ретінде ұсына бастады. Тек еңбек қатынасын растайтын емес, еңбек жағдайын көрсететін жайттарды да тіркеп отыру маңызды.
– Жұмыс ресми түрде тіркелмесе де, әрдайым еңбек қатынасын растайтын дәлелдердің болуы маңызды ма?
– Иә, солай. Жұмыс берушімен ауызша келіскен адам сот арқылы жалақы бойынша қарызынан бөлек, моральдық шығын үшін өтемақы өндіріп алған жағдайлар болды. Әрине, келісімшарт жұмыс берушінің заңды құқығын қорғауға көмектеседі. Бірақ бұл құжатсыз да жұмыскердің құқығын бұзуға жол берілмейді.
– Еңбек шартсыз жұмыс істеп жүргендерге қандай кеңес берер едіңіз?
– Ең алдымен, өз құқығыңызды қорғаудан қорықпаңыз. Жұмыс беруші жауапкершіліктен қашса да, заң сіздің жағыңызда болады. Еңбек дауы туындаса, сотқа немесе еңбек инспекциясына жүгіну керек. Жұмыс берушімен сөйлесіп, мәселені өзара келісімге келу арқылы да шешуге болады. Жұмыс істегеніңіздің дәлелі болатын фактілерді (жұмысқа келу журналы, қауіпсіздік техникасының журналы, мессенджерлердегі жазбалар, атқарылған жұмыс актілері, табель және т.б.) тіркеп отырыңыз. Қолында келісімшарт жоқ жұмыскер осындай жайттарға ерекше назар аударуға тиіс.

«Әділдік және өркендеу» қоры өз міндетін орындамаған жұмыс берушілер жайлы фактілерді жинақтауды қолға алғанын еске саламыз. Егер сізде, туысыңызда, досыңызда осындай жағдай болса, бізге хабарлаңыз: +7 778 978 0212 немесе adil.enbek@gmail.com.