Новости КАЗ

«Ақпарат үздігі - 2024»: Жетісу жетістігі

«Әділдік және өркендеу» қорының Белсенділері форумында бір жылда тынымсыз еңбектенген жандар марапатқа ие болды. «Үздік ұйымдастырушы – 2024», «Үздік өкілдік – 2024», «Жыл серпіні – 2024», «Жыл белсендісі – 2024», «Берік азаматтық ұстанымы үшін», «Тиімді ынтымақтастық үшін», «Ісіне адалдығы үшін» және «Ақпарат үздігі – 2024» деген сегіз аталым бойынша үздіктер анықталды.

"Instagram және TikTok әлеуметтік желілерінде біз қордың қызметі туралы ақпарат жариялап, жазылушылардың қолдауына ие болдық. Алға қойылған барлық мақсат пен жоспар іске асырылды. Біз қордың қызметін ғана жариялап қоймай, жұмысшы мамандықтардың маңыздылығы туралы айтып, жастарды диалогқа тарттық. Биыл одан да көп жұмыс істейміз деп сенемін", - деді Қордың Жетісу өңіріндегі белсендісі Ринат Хамзин.

Бүгінде қор барлық облыста мыңдаған жақтасты біріктіреді. Ақпарат бағытындағы жұмыс қор қызметінде негізгі рөлге ие. Ол әлеуметтік бастамалардың маңыздылығын жұртшылыққа жеткізіп, ашықтықты қамтамасыз етуге көмектеседі.