Жетісу облысындағы Қор өкілдігінің белсендісі Сергей Тандеев өңірдің қоғамдық жұмысы мен проблемалары туралы:
«2018 жылдан бастап қоғамдық қызметпен айналысамын. «Әділдік және өркендеу» Қорының құрылғаны туралы білгенде, ұйымның қызметі мені қызықтырды. Мен Манифесті оқып, ақпаратпен танысып, әрекет ете бастадым. Кейін мені Қордың өңірлік филиалының ұйымдастырушысы болуға шақырды.
Біздің өңірде де, Қазақстанның басқа аймақтарында да шешуді қажет ететін көптеген проблема бар. Мен ең алдымен медицина саласына басымдық беру қажет деп ойлаймын. Бізде медициналық қызметтердің сапасы сын көтермейді, бұл ешкімге құпия емес. Саланы жетілдіріп, мамандарды оқыту қажет. Өндірісте жұмыс істейтін еңбек адамдары өздерін қауіпсіз сезіну үшін құқықтық көмекке мұқтаж. Біз осы бағытта жұмыс істеп, ел дамуын жаңа деңгейге жеткізуге тырысамыз».
Жетісудағы Қор филиалының басшысы Әлия Ахмедиева АӨК проблемаларын шешу қажеттілігі туралы:
«Біздің облыста АӨК мәселелері ең өткір тұрған түйіткілдердің бірі. Шаруашылықта егіншілік, топырақ сапасы, егістікті суару, кейін оның өсуі сынды проблемалар жыл сайын туындайды. Фермерлер өз өнімін қалай сататынын білмейді. Мысалы, былтыр қант қызылшасы көп өсті, бірақ шаруалар оны қайда сатарын таппады. Биыл да сояға қатысты осындай жағдай қайталана ма деп алаңдаймыз. Сондықтан біз, Қор белсенділері ретінде фермерлерге өнім өсіріп, кейін оны саудаға шығаруға қолдау көрсетуіміз керек. Біз осы мәселеге қатысты идеяларымызды Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдаймыз. Сондай-ақ өңірдегі әлеуметтік осал топтардағы азаматтардың жағдайын да қолға алмақшымыз. Мәселен, бізде 35 мың отбасы тұрғын үй алуға кезекте тұр. Бұл проблема кедейлікпен күресу қағидасында қамтылған».