Новости КАЗ

Қордың қарағандылық белсенділері өңірдің өзекті мәселелерін зерттеп жатыр

Отбасының материалдық жағдайын жақсарту, кедейлікпен күресу, тауар бағасын бақылау, аз қамтылған отбасыларды қолдау және қарыздар бойынша несиелік рақымшылық жасау. «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ аталмыш мәселелерді іс-әрекеттердің әлеуметтік платформасына енгізу үшін олардың өзектілігін зерттейді.

Қор өз алдына қазақстандықтардың мүдделерін білдіру, мемлекет пен азаматтық қоғам арасында диалог орнату және қолдау, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру сынды міндеттерді қойып отыр.

«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Қарағандыдағы өкілдігінің қызметкерлері жергілікті қоғамдық ұйымдармен кездесіп, отбасылар мен жұмысшыларды алаңдататын әлеуметтік мәселелерді ортаға салды.

Құқық қорғаушы Оксана Панасиди әділ қоғамды дамытудағы ортақ мүдделерді атап өтіп, Қормен ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді.

«Менің ойымша, мәдениет пен қауіпсіздік саласын қамтитын ұзақ мерзімді бағдарламалар қажет. Заң алдындағы теңдік тақырыбы да маңызды. Заң азаматтардың әлеуметтік мәртебесі мен әл-ауқатына қарамастан бәріне бірдей», - деді «Позитивное мышление» ЖМ басшысы Оксана Панасиди.

Отбасын қолдау орталығы Қарағанды облысының Абай ауданында 14 жыл бойы жұмыс істейді. Мұндағы мамандар қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетеді.

Оксана Панасидидің айтуынша, жергілікті психологтар мен заңгерлер 60-тан астам балалы әйелге кеңес беріп, консультация жүргізді.

Құқық қорғаушы атап өткендей, елімізге патриотизмді дамыту жөніндегі жалпыұлттық бағдарлама қажет.

«Егер балабақша мен мектептерде патриоттық тәрбие бағдарламасы енгізілсе, қоғамға одан үлкен пайда тиеді. Біз балалар арасында үлкендерді құрметтеу, табиғатқа қамқорлық жасау, өз жерімізге және елімізге деген сүйіспеншілік сынды құндылықтарды насихаттауымыз керек», - деп, Оксана Панасиди Қор белсенділерімен кездесуде өз ойымен бөлісті.

Әлеуметтік маңызы бар мәселелерге қатысты ұсыныстарды «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының сайтына мына сілтеме бойынша жіберуге болады.