«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының YouTube платформасындағы арнасында «Әділдік құқығы» интернет-қабылдауының кезекті эфирі өтті. Оны тәуелсіз құқық қорғаушы заңгер, заң ғылымдарының магистрі, Астана қаласының Заң консультанттары палатасының заңгері Аржан Сәдуақас жүргізді. Сарапшы көрермендерге сатып алған тауарды қайтару жолдары жайында ақпарат беріп, сотқа жүгіну алгоритмін түсіндірді.
«Қазіргі таңда тауарды қайтарудың 3 сатылы жүйесі қолданылады. Біріншіден, тұтынушы сатушыға барып, өзі келіссөз жүргізеді. Одан нәтижесі шықпаса, азаматтар Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне жүгініп, арыз жазады. Ал, жауапты ведомство тиісті шара қабылдамаса, тұтынушы сотқа жүгінуге құқылы»,- деді А.Сәдуақас.
Сарапшы тұтынушының сотқа бармас бұрын, қажетті дәлелдемелер жинау керектігін ескертті.
«Сатушы тауарды қабылдаудан бас тартқанда, оны міндетті түрде камераға түсіріп алу керек. Мемлекеттік органдарға жүгінген кезде де, осындай бейне жазба күйіндегі дәледемелер қажет болады. Дүкен немесе сауда орталығы қоғамдық орын болғандықтан, мұнда түсірілім жүргізуге рұқсат беріледі», - деп түсіндірді заңгер.
Интернет-қабылдаудың «Сұрақ - жауап» айдарына: «Әлеуметтік желі немесе мобильді қосымша арқылы сатып алынған тауар тұтынушылардың көңілінен шықпай, тауар сапасы айтылғанынан төмен болған жағдайда не істеу керек?», - деген сауал келіп түсті. Маманның айтуынша, бұндай кезде де дәл осы 3 сатылы жүйені қолданып, мәселені шешуге болады.
«Заң электронды коммерциямен айналысатын кәсіпкерлердің әрекеттерін де реттейді. Сол себепті тұтынушы жоғарыда аталған жүйеге сүйеніп, шағымдана алады. Бірақ тауарды онлайн түрде сатып алған кезде, сатушының қай жерде орнласқанын анықтау қиындық туғызады. Сол себепті, тауарды сатып алмай тұрып, онлайн-дүкеннің мекенжайын анықтап алған жөн», - деп кеңес берді Аржан Сәдуақас.
«Әділдік құқығы» жобасы азаматтарымыздың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Трансляция қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Алаңда әрбір адам өзінің құқығын қорғауға қатысты сұрақтарына жауап ала алады. Мұнымен қоса, азаматтардың adildik.org.kz@gmail.com электронды мекенжайға сұрақ жіберіп, заңгерлік кеңес алуға мүмкіндік бар.