Новости КАЗ

Манифестті қолдау. «Әділдік және өркендеу» ҚҚ-ның белсенділері еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуде

«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының Жетісу облысындағы өкілі Әлия Ахмедиева Ескелді аудандық ауруханасының ұжымымен кездесті. Ол жиналғандарды қоғам белсенділері бастамашылық еткен Қазақстан халқына үндеу манифестінің мазмұнымен таныстырды. Бұл Қордың негізгі, іргелі құжаты болып табылады. Мұнда Қор белсенділері мен олардың жақтастарын біріктірген қуатты, әділ және салауатты Қазақстанды құру қағидаттары тұжырымдалған.

Сондай ақ медицина қызметкерлерінің құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды. Сонымен бірге, қазақстандықтарды мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына қатысуға ынталандыру жолдары да қарастырылды.
«Біз өз құқықтарымызды қорғау үшін құқықтық және заңдық мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалануымыз, биліктің барлық деңгейінде шешімдер қабылдауға белсенді қатысып, азаматтарды өңірдің ғана емес, сонымен бірге елдің де әлеуметтік-экономикалық мәселелерін талқылауға тарту тетіктерін бірлесіп құруымыз қажет», - деп атап өтті Әлия Ахмедиева.

Кері байланыс ретінде әлеуметтік өмір сапасын жақсарту, табысты арттыру, тарифтерді төмендету, балабақшалар мен мектептермен қамтамасыз ету бойынша бірқатар практикалық ұсыныстар айтылды.

Манифест-үндеу «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының өңірлік көшбасшыларының Жетісу облысы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма қызметкерлерімен кездесуінде де талқыланды.

Ведомство басшысы Батыр Молдахметовтың айтуынша, өткен жылы олар 60 тексеріс жүргізіп, 57 заң бұзушылықты анықтаған. Кемшіліктер еңбек заңнамасы мен жұмысшылардың құқықтарына, жұмыс берушілердің өз міндеттемелерін орындамауына қатысты болған.

Қоғам белсенділері мен билік өкілдерінің келіссөздері жемісті болды.

ҚҚ-ның Жетісу облысы бойынша белсендісі Әлия Ахдиева атап өткендей, тараптар тығыз ынтымақтастық туралы келісімге келді және заңнамалық деңгейде араласуды қажет ететін бірқатар алдыңғы кезектегі міндеттерді айқындады.

Мысалы, ҚР Еңбек кодексінде қызметкерлермен еңбек шартын жасасудың міндетті нормасы жоқ. Сондықтан, тұрақты жұмысшылармен азаматтық-құқықтық келісім-шарттар (АҚК) жасасу мүмкіндігін асыра пайдаланатын жұмыс берушілерге айыппұл салуды енгізу қажет. Бұл құжат қызметкерлер үшін салық төлемеуге және әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде олар үшін жауапкершіліктен құтылуға мүмкіндік береді.

«Бүгінде мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік органдардың техникалық қызметкерлері бар болғаны 80 мың теңге жалақы алады. Бұл мектеп тазалаушылары, күзетшілер, зертханашылар. Жастар мұндай ақшаға жұмыс істегісі келмейтіндіктен, көбіне зейнет алды жасындағы адамдар жұмыс істейді», - деп, қоғам белсендісі мәселені айқындады.

Өндірістік жарақат кезіндегі қызметкер мен жұмыс беруші кінәсінің дәрежесін анықтайтын нормалар да заңнамада көзделмеген. Бұл мамандардың құзыреттілігі барлық кезде бірдей жеткілікті бола бермейтін еңбек инспекциясының басқармаларында анықталады.
Белсенділер қазақстандықтарды елдің мықты, әділ және гүлденген болашағын құру үшін Манифестке онлайн қол қоя отырып, Қордың жұмысына қосылуға шақырады.