«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының Астана қалалық өкілдігінің жетекшісі Ләззат Ахатова мен Қордың Түркістан облысы бойынша өкілдігінің жетекшісі Әдемау Толысбаева «Turkistan» телеарнасының эфирінде сұхбат берді. Сұхбат аясында көрермендерге Қордың мақсаты, негізгі бағыттары мен бағдарламасы таныстырылды.
Әдемау Толысбаева осы уақытқа дейін өңірде атқарылған жұмыс нәтижелері жайлы сөз қозғады.
«Бүгінгі таңда Түркістан облысында Қорды қолдайтын жақтастар саны артып келеді. Бұл – Қорға деген көпшіліктің сенімі. Айта кетейік, қазір өкілдік жанынан ашылған қоғамдық қабылдау жұмыс істейді. Мұнда Қор қызметкері Амангелді Қалыбек облыс тұрғындарына заңгерлік кеңес береді. Бүгінге дейін 200-ге жуық облыс тұрғыны консультация алуға жүгінген»,-деді белсенді.
Бұдан бөлек, эфир барысында «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының Түркістан облысы бойынша өкілдігі жергілікті белсенді адамдар және кәсіпкерлермен бірлесіп, Батыс Қазақстанда тасқын судан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жөнелткені айтылды. Енді алдағы уақытта өңірдегі өкілдік тарапынан тағы да тың бастамалар қолға алынбақ.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қордың түрлі өңірдегі бірнеше белсендісі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының қызметін насихаттап, ел азаматтарын ұйым жақтастары қатарына қосылуға шақырған болатын.