Новости КАЗ

Жұмысшылардың құқықтарын қалай қорғауға болады?

Бұл сұраққа Жетісудағы «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының белсенділері жауап іздеп көрді. Олар еңбек ұжымдарының басшылары арасында сауалнама жүргізіп, жетекшілер жұмысшылармен өзін қалай ұстау керектігі туралы сұрақтар қойды.

Қоғам қайраткері Айдар Хаджимуратов «Жетісу медиа» мемлекеттік мекемесінің басшысы Шыңғыс Бозыммен кездесіп, қол астында жұмыс істейтін адамдармен өзара қарым-қатынас құру керектігі туралы сөз қозғады. Спикердің пікірінше, көшбасшы қызметкерлерге түсіністік танытып, нақты міндеттер қоя білуі керек.

«Қызметкер басшының одан қандай нәтиже күтетінін түсінуі керек. Сондықтан жетекші өз ойын дұрыс жеткізуі тиіс. Кейде қызметкер жүктелген міндетті орындай алмай қалады. Сол кезде басшысы жұмысшысына көмектесіп, осы немесе басқа тапсырманы қалай орындауға болатындығын түсіндіргені абзал. Жетекші тиісті шешімдерді қабылдау жауапкершілігін өз мойнына алады. Егер қандай да бір проблема болса, оны талқылау қажет. Келіссөздер барысында талапқа сай шешім табуға болады», - деп есептейді Шыңғыс Бозым.

Қор жақтастары жұмыс берушілерді өз жұмысшыларының мүдделерін ескеріп, олардың еңбек құқықтарын сақтауға шақырады.

«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры бүкіл республика бойынша реформаларды іске асыруға және елдің дамуына өз үлесін қосуға дайын бастамашыл азаматтарды біріктіреді. Қазақстандықтардың мүдделерін білдіру, олардың еңбек құқықтарын қорғау, мемлекетпен өзара қарым-қатынас орнатуға жәрдем беру, қала мен өңір тұрғындарының өмірін жақсарту Қордың негізгі миссиясы болып табылады.