Новости КАЗ

АЗАМАТ МУСИЛОВ: «Бізге нақты нәтиже керек».

«Мен нәтижені сөзден емес, істен күтемін. Біз өзімізді заң үстемдік ететін мемлекетпіз, демократиялық елміз десек, онда біздің үкімет жаңа ұйымды халық арасынан шыққан көмекші ретінде қабылдауы керек деп ойлаймын.

Біздің елде қор да көп, ұйымдар да баршылық. Олардың қайсысы, қалай жұмыс істейтініне халық өз бағасын береді. Егер қор жұмыс істеп, нақты нәтижелерге жетіп жатса, халық сенеді, ереді. Қазір нақты нәтижелер көрсететін уақыт», дейді Астанада өткен аймақ белсенділерінің жиынына шақырылған, есімі Батыс Қазақстан облысы жұртшылығына жақсы таныс, жемқорлықпен күресіп жүрген Азамат Мусилов.