Сатушы, жүргізуші, құрылысшы, агроном, мұғалім, медбике, әлеуметтік қызметкер және психологтар еңбек нарығында сұранысқа ие болып қала береді. Future of Jobs Report 2025 осындай болжамын жариялады.
Бұл есеп жасанды интеллект еңбек нарығына қалай әсер ететінін анықтау үшін жасалған. Ғалымдардың болжамы бойынша нейрожелілер неғұрлым дамыса, аналитик, DataOps, финтехинженер, киберқауіпсіздік бағытындағы IT мамандарға деген сұраныс соғұрлым арта түседі.
Алдағы жылдары пошташы, есепші, хатшы, кассир, диспетчер, колл-орталық операторы сынды мамандықтарға қауіп төніп тұр. Өйткені жасанды интеллект күн сайын қайталанатын үйреншікті жұмыстарды атқаратын мамандарды алмастырмақ. Сондықтан мұндай қызметкерлерге жаңа машықты меңгеруге тура келеді.