«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Ақтөбе өңірлік филиалының өкілдері Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысына қатысты. Кездесу «Атамекен» ӨКП алаңында өтті.
Қатысушылар электр энергиясымен жабдықтау саласындағы жарық пен жылу тарифтерін көтеру мәселесін, сондай-ақ медиация мен келісу рәсімдерін талқыға салды.
Қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлердің пікірінше, энергиямен жабдықтау қызметтерін бәсекелестік ортаға беру қажет, себебі монополистер орнататын тарифтер тым жоғары. Мұндай саясаттың салдарынан тауарлар мен қызметтер айтарлықтай қымбаттап, шағын өндірістердің жабылуына әкеп соқтырады. Отандық өнім импорттық тауармен бәсекеге түсе алмай қалады. Ең соңында бағаның өсуі тұтынушылардың қалтасын қағады.
Кездесуге қатысқан сарапшылар бизнесте келісу рәсімдерін қолдану жайында ой қозғады. Жыл сайын Ақтөбе соттарында заңды тұлғалар арасындағы даулар бойынша ондаған істер бітімгершілікпен аяқталады. Бұл - бизнес субъектілерінің дауды шешу үшін татуластыру рәсімдерін қолдануға дайын екеніне айғақ.
«Мен өзім медиатор ретінде медиацияны өте тиімді тәсіл деп есептеймін. Оның арқасында сотқа дейін бірқатар мәселені шешіп алуға болады. Нәтижесінде уақыт, қаражат және күш үнемделеді. Соңғы бес жылда мен татуластыру рәсімдерін қолдана отырып, бірнеше істі, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы істерді реттедім. Сол себепті ШОБ өкілдеріне дауды шешудің бұл әдісін назардан тыс қалдырмауға кеңес берер едім», - деді Қордың Ақтөбедегі филиалының өкілі Александр Мандрыкин кәсіпкерлерге.
Естеріңізге сала кетейік, «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының белсенділері еліміздің бірнеше өңірінде халыққа құқықтық көмек көрсету үшін қоғамдық қабылдаулар ашты. Олар қысқа мерзімде жұмыстың жоғары тиімділігін көрсетті. Қазірдің өзінде мұндай қабылдау бөлмелері Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Ақтау мен Ақтөбеде жұмыс істейді.