Астанада «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры өткізген Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы қауіпсіздік техникасы бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар көптеген мәселені талқылап, қорытынды құжат қабылдады. Құжатта «негізінен жұмысшылармен диалог ресми түрде ғана орнатылады. Жұмыс берушілер мен кәсіпорын иелерін ықпалды лоббистер қолдайды. Ал, жұмысшылар жағында тек жекелеген белсенділер ғана тұр. Еңбек инспекцияларының пікірі, әдетте, тыңдалмайды. Кәсіподақтардың рөлі төмендеді»,- делінген.
Қор белсендісі, белгілі журналист Гүлжан Марқабаева қорытынды құжаттың жобасын оқи отырып, «Олигархат қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қаржыландырмайды, олар үшін бірінші орында пайда табу тұрғанын мойындауымыз керек. Жағдайды бақылау бойынша міндеттемелер ресми түрде ғана орындалады. Еңбекті қорғау ережелерін орындауда кәсіпорын әкімшіліктері белгіленген қағидаттарды ұстанбайды»,- деп атап өтті.
Дөңгелек үстел жұмысының нәтижесінде қатысушылар жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы өркениетті диалогтың қажет деген қорытындыға келді. Еңбекті қорғау мәселелері бойынша міндетті заңнаманы нығайту қажет. Кәсіподақтар мен қауіпсіздік жөніндегі тәуелсіз сарапшылар еңбек инспекцияларына енгізілуі керек.
Үкіметтің үшжақты комиссиясының жұмысын ұйымдастыру керек. Комиссия өндірісте еңбекті қорғаудың заман талабына сай жүйесін құру үшін септігін тигізгені абзал. Мұндай қадам бизнес иелері мен жұмыс берушілердің еңбек құқықтарын қорғау саласындағы мүдделерінің лоббизмін төмендетуге тиіс.
Құжатта, практикалық ұсыныстардан, еңбек шартының жаңа моделіне өндірістегі еңбек қауіпсіздігін бұзу салдарынан зардап шеккен жұмысшыларға қатысты жұмыс берушінің міндеттемелерінің үлгілік пакетін енгізу қажеттілігі көрсетілген.
Сонымен қатар дөңгелек үстелге қатысушылар техногендік апат болған жағдайда қызметкерлердің денсаулығын сақтау үшін бизнестің сақтандыру жауапкершілігін енгізу қажеттігін атап өтті. Түскен қаражаттың зардап шеккендерді қолдауға және зардаптың салдарын жоюға жұмсалуы қоғам бақылауында болу керек.
Сондай-ақ «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры Үкіметке Өндіруші өнеркәсіптің барлық шахтасында еңбек қауіпсіздігі жүйесін жаңғырту жөніндегі жұмыс тобын құрып, оның құрамына жұмыс берушілерді, мемлекеттік органдар мен кәсіподақтардың өкілдерін және белсенді жұмысшыларды кіргізуді ұсынды.

Талқылаулардан кейін қорытынды құжаттың жобасын жиналғандардың барлығы мақұлдады. Қарардың соңғы нұсқасы дөңгелек үстелге қатысушылардың жазбаша ұсыныстарымен толықтырылып, «Әділдік және өркендеу» ҚҚ сайтында және оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады.