Новости КАЗ

Кәсіпкер САЛТАНАТ ӨТЕШБАЕВА: Манифесте біздің мүдделеріміз қамтылған

«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры жақтастарының қатары артып келеді. Олардың бірі - Жетісу облысы Көксу ауданының тұрғыны Салтанат Өтешбаева. Кәсіпкер «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Манифест-үндеуіне қолдау білдіріп қана қоймай, әріптестерінің ұйым қызметіне деген қызығушылығын туғызды.

«Мен Манифест-үндеуді өзім оқып шығып, кейін достарыма жібердім. Манифесте көрсетілген қағидалар көңілімнен шықты, өйткені олар менің талаптарыма сәйкес келеді. Құжат түсінікті тілмен жазылған. Менің кейбір кәсіпкер-әріптестерім Қоғамдық қор туралы біледі. Ұйым жақында қоғамдық белсенділер бастамасымен құрылды. Меніңше, Қор халықтың бастамалары мен ұсыныстарын ескеру керек. Әсіресе ауыл тұрғындарына баса назар аудару керек. Белсенділер халықпен неғұрлым жиі кездесіп, жұмыс істегені жөн», - деді кәсіпкер.

Естеріңізге салайық, Қазақстанның барлық өңіріндегі белсенділер бірігіп, азаматтық ұстанымы белсенді азаматтарды біріктіріп, билік пен халық арасындағы кері байланыс орнату үшін «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорын құрды. Осы орайда белсенділер еліміздің барлық тұрғынына арналған Манифест-үндеу әзірледі. Бұл құжатты қабылдамас бұрын, бірнеше ұжымдық талқылау өткізіліп, өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде Манифест-үндеу Астанадағы кездесуде бірауыздан қолдау тауып, қабылданды.

Қоғам белсенділері азаматтарды Манифестке онлайн қол қою арқылы Қор жұмысына атсалысып, Қазақстанның мықты, әділ және өркениетті келешегін бірге құрып, өзара ынтымақтастық орнатуға шақырады.