Новости КАЗ

«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ елордалық өкілдігінің жетекшісі Ләззат Ахатова Atameken Business телеарнасына сұхбат берді

«Әділдік және Өркендеу» Қорының Астанадағы өкілдігінің жетекшісі Ләззат Ахатова Atameken Business телеарнасынағы «Сұхбат» бағдарламасының қонағы болды. Әңгімелесу барысында белсенді Қордың басты 6 қағидасы жайында толық мәлімет берді. Л. Ахатова әділетті қоғам құру үшін бұл қағидалардың маңызы зор екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ алаңда заң алдындағы теңдік тақырыбы қызу талқыланды.
«Сот - халық мүддесін қорғайтын ең бірінші орган және әрқашан да солай болып қалуы тиіс»-, деді заңгер.

Ләззат Ахатова Қордың болашаққа қойған өрелі жоспарлары туралы да сөз қозғады. Сонымен қатар кез келген қазақстандыққа «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық Қоры тарапынан мазалаған мәселелер бойынша тегін кеңес беріліп қана қоймай, кәсіби заңгерлік көмек те көрсетілетінін айтты.

Белсенді барлық көрерменді, әсіресе, еңбек адамдарын Қазақстан азаматтарына арналған Манифест-үндеуге қол қоюға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Л. Ахатова Қазақ радиосына сұхбат берген болатын. Қордың Шымкент қаласындағы өкілдік басшысы Эльенора Ағабекқызы «HAN-TV» телеарнасына, Түркістан облысындағы өкілдік жетекшісі Әдемау Толысбаева халықаралық «Turkistan» телеарнасына сұхбат берді. Ал, Қостанай өңіріндегі жетекші Амандық Әмірхамзин «Қостанай таңы» газетіне сұхбат берген. Белсенділер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қазақстандықтарға «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ мақсат-міндеттері жайлы баяндап, Қор жариялаған Манифест-Үндеуді таныстырды. Олар барша азаматты бей-жай қарамай, Қор жақтастары қатарына қосылып, ел дамуына өз үлесін қосуға шақырды.