Новости КАЗ

Мемлекет пен ҮЕҰ-дың өзара іс-қимылы: тиімділікті қалай арттыруға болады?

БҚО-ның Шыңғырлау ауданында үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Іс-шараға «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ өңірлік филиалының белсендісі Әлия Салиева қатысты.

«ҮЕҰ азаматтық қоғамның негізгі институттарының бірі болып табылады. Олар қоғамдық пікірді қалыптастырға, азаматтардың белсенділігіне ықпал етіп, азаматтардың мүдделері мен талаптары жайлы ақпараттандыру және оны білдіру жөніндегі аса маңызды функцияларды жүзеге асырады. Сонымен қатар қарапайым азаматтар әлі күнге дейін қоғамдық бірлестіктердің қызметі туралы ақпараттың тапшылығын сезінеді. Түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер ҮЕҰ қызметінің ерекшелігін түсінбей, мемлекеттік органдар мен халық тарапынан біршама сенімсіздік байқалады. ҮЕҰ - дың селқостығы да бар», - деді Әлия Салиева.

Осыған байланысты белсенділер халықтың әлеуметтік осал топтарының проблемаларын шешу үшін аудандағы қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға және ауылдық ҮЕҰ-ды қолдауға қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Кездесуде қоғамдық мониторинг тақырыбы қозғалып, «қоғамдық бақылау туралы» ҚР Заңын түсіндіруге ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда елімізде азаматтарға шешім қабылдауға қатысуға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бағдарламалар қызметінің тиімділігін бақылауға мүмкіндік беретін тетіктер бар.

«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорын қазақстандықтардың өмірін жақсартуға үлес қосуға дайын еліміздің белсенді азаматтары құрды. Азаматтық қоғам мен мемлекет өкілдері арасындағы өзара іс-қимылды жолға қою Қор жұмысының бір бөлігі болып табылады. Қор белсенділері еңбек ұжымдарымен кездеседі, ел тұрғындарына құқықтық және гуманитарлық көмек көрсетеді, қазақстандықтардың өзекті мәселелерін шешуге қатысады. Қор азаматтардың атынан мемлекет өкілдерімен диалог жүргізіп, еліміздің әрбір тұрғынының мүдделерін қорғауға атсалысады.