Новости КАЗ

ДУЛАТ ЖҮСІПҚАЛИЕВ: «Әділдік және өркендеу» Қорының белсенділер қатарында жастар саны артады деген сенімдемін

Олар қаласы тұрғындарының 5% - ы – NЕЕT санатындағы жастар. Мұнда 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтардың проблемалары көп. «Әділдік және өркендеу» Қорының БҚО-дағы белсендісі Дулат Жүсіпқалиев ұйымдағы қызметінің аясында осы мәселелерді қозғап, шешімін таппақшы.

«Жастардың басты мәселесі - ол жұмыспен қамту, баспанаға ие болу мен олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. «Әділдік және өркендеу» Қорының өңірлік өкілдер кездесуінің қатысушыларына осы 3 бағыт бойынша жұмыс жоспарын жеткізе білдік деп ойлаймын. Алдағы уақытта Қор арқылы үлкен жобаларды жүзеге асырамыз деген сенімдемін. Қаладағы жастар көшбасшысы ретінде осы Қорға қосылып, тек өз өңірімізді ғана емес, басқа аймақтарды да қамти отырып, аталған проблемаларды республикалық алаңда шешу жолдарын қарастыруды көздеп отырмыз. Қордың басты құжаты – Манифест-үндеумен танысып, ұйым құрамында ел дамуына үлес қосатын белсенді жастар санын арттырамыз деген ойдамын», - деді белсенді.