Новости КАЗ

Қарт Каспийге қамқорлық

"Әділдік және өркендеу" қоғамдық қорының Маңғыстау өкілдігінің жақтастары Каспий теңізінің жағалауын қоқыстан тазартты

Республикалық деңгейде өткен «Таза жағалау» экологиялық іс-шарасы 300 еріктінің басын қосты. Атап айтқанда облыстық экология департаменті, «Жасыл ел» еңбек жасағы, мемлекеттік қызметшілер, қоғам белсенділері мен қор жақтастары «Игі істер марафоны» жобасы аясында «Плоггинг және тазала» тақырыбында сенбілікте ұжымдық танытты.

«Таза жағалау» экологиялық іс-шарасы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жүріп жатыр. Тазалық сақшылары теңіз жағалауын балдырлардан, лайдан, тастардан және ірі қоқыстардан тазалау жұмыстарын жүргізді. Ал тазалық жұмыстары 40 шақырымға жуық аумақты қамтиды. Ақтау шаһарына жаз мезгілінде келетін қонақтар саны өте көп. Басым бөлігі теңізге шомылуға келетіні белгілі. Сол себепті жастар отряды теңіз жағалауын тазалауды қолға алды", - дейді аймақтағы өкілдік жетекшісі Нұрбол Оқуов.

Айта кету керек, жазғы демалыс кезінде жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында қор белсенділері қоршаған ортаны қорғау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына бір кісідей атсалысты.

Еске сала кетейік, «Игі істер марафоны – 2024» апталығы аясында үстіміздегі жылдың шілде айының 9-14 аралығында «Экология» күндері деп бекітілді.