Новости КАЗ

Қазақстандықтар үшін «әділдік» деген не, біздің азаматтар оны қалай түсінеді?

«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры ел өңірлерінде сауалнама жүргізіп, әр аймақта тұратын қазақстандықтардың өзінен «әділдік» ұғымы жөнінде сұрап білді.

Елімізде болып жатқан соңғы оқиғалар қоғам арасында әділдікке деген сұранысты арттыра түсті. Азаматтар әділ жүргізілетін сот істерінің куәсі болды, бұл өз кезегінде заң алдындағы теңдікке деген сұранысты еселей түсті.

Сонымен, қазақстандықтар үшін «әділдік» деген не?

«Әділдік - бостандық, теңдік, адалдық».

«Бұл, ең алдымен, заңның орындалуы».

«Барлық азаматтың құқықтарының бірдей сақталуы».

«Әділдік - бұл заң алдындағы теңдік».

Анықталғандай, қазақстандықтар «әділдік» ұғымын көбіне заң алдындағы теңдікпен ұштастырады, ал бұл - «Әділдік және Өркендеу» Қорының басты құжаты Манифест –үндеуде көрсетілген басты қағидалардың бірі. Ол құжатта жұмысшылардың құқығын қорғау, кірістерді бөлудегі әлеуметтік әділдік, барлығына тең мүмкіндік, азаматтардың қадір-қасиетін құрметтеу, заң алдындағы теңдік, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы сынды алты басым бағыт қамтылған.