Новости КАЗ

«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының белсенділері БҚО-дағы «Food city» ЖШС ұжымымен кездесті

Қор белсенділері «Food city» ЖШС сауда желісінің ұжымымен кездесіп, ұйымның мақсат-міндеттері мен Қордың негізгі құжаты – Манифест-Үндеуді таныстырды.

Өңірлік белсенділер Қордың жұмысшылар құқықтарын қорғау бағытындағы қызметі мен осы салада анықталған заң бұзушылықтар туралы айтып берді.

Осы орайда «Әділдік құқығы» интернет-қабылдауының тікелей эфирлері проблемаларды шешудің тиімді құралына айналғаны сөз болды. Бұл жоба азаматтардың өз құқықтарын қорғау мақсатында сауаттылығын арттыруға бағытталған.

БҚО-дағы Қор өкілдері Азаматтық Альянс мүшелерімен өзара белсенді әрекет етіп, ортақ шаралар жоспарын құрып жатыр.

Кездесу қатысушылары өз сұрақтарын қойып, Қор бастамаларын қолдауға дайын екенін жеткізді.
Белсенділер барлық қазақстандықты Манифестке қол қою арқылы Қордың жұмысына атсалысып, ел дамуына сүбелі үлес қосуға шақырады.