Новости КАЗ

«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ елордалық өкілдігінің жетекшісі Астана кәсіпкерлерімен кездесті

Кабдулхалыковтар отбасы Солтүстік Қазақстан облысынан Астанаға осыдан алты жыл бұрын көшіп келді. Қазір отағасы Асылбек те, Ұлжан да шағын кәсібін дөңгелетіп отыр. Асылбек Кабдулхалыков Техникалық қызмет көрсету станциясын ашып, көлік жөндейді. Ал, жолдасы Ұлжан шағын балабақша ашып алды. Қазір екеуі бірге 20 адамды жұмыспен қамтып отыр.
«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ елордалық өкілдігінің жетекшісі Ләззат Ахатова осы отбасымен кездесіп, Қордың мақсат-міндеттері жайында айтты.

Ол астаналықтарды «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының жұмысымен таныстырды. Кабдулхалыковтар отбасы ұйымның көздеп отырған идеясын қолдап, Қазақстан азаматтарына арналған Манифест-үндеуге қол қойды. Олар Қордың басты құжатында айтылған қағидаттарды қолдап, Қор жұмысына сәттілік тіледі. Әсіресе, қарапайым еңбек адамының құқығы мен мүддесін қорғау тетігі азаматтардың көңілінен шықты.

Сондай-ақ Кабдулхалыковтар отбасы Қор бастамасымен жүргізіліп жатқан әлеуметтік мониторингке қатысып, сауалнама сұрақтарына жауап берді.
Айта кетерлігі, әлеуметтік мониторинг сәуір айының ортасына дейін жалғасады. Сауалнамада жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, әділ қоғам құру, отбасылардың материалдық жағдайын жақсарту, кедейлікпен күрес, медицина және басқа әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету сынды мәселелер қамтылған. Мониторинг нәтижелері «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры әзірлеген Іс-әрекеттердің әлеуметтік платформасына енгізіліп, Астанада өтетін Әлеуметтік форумда талқыланады. Сол арқылы әр өңірдегі өзекті әлеуметтік проблемаларды анықтау жоспарда бар. Кейін ол елдегі әлеуметтік -экономикалық ахуалды жақсартатын нақты шаралар мен бағдарламалар қабылдау үшін Қазақстан Үкіметіне жолданады.

Әлеуметтік мониторингтен Қоғамдық қордың ресми сайтында немесе мына сілтеме арқылы өтуге болады https://share.kz/g9Vt

Естеріңізге салайық, бұған дейін Қор өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі мәселелері мен денсаулық сақтау саласындағы ахуал жөнінде әлеуметтік мониторингтер өткізді. Бұл сауалнамалардың нәтижелері де «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Іс-әрекеттердің әлеуметтік платформасына енгізіледі.

Естеріңізге салайық, «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ белсенділері азаматтарды Манифестке онлайн қол қою арқылы Қор жұмысына атсалысып, Қазақстанның мықты, әділ және өркениетті келешегін бірге құрып, өзара ынтымақтастық орнатуға шақырады. https://share.kz/gjVY