Шымкенттегі өңірлік өкілдердің кездесуінде «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының идеяларын қолдайтын белсенділер қоғам үшін маңызды мәселелер жайында айтты. Қордың Жамбыл облысындағы өкілі Диана Қалманбаева қоғам қайраткерлерінің назарын еңбек адамдарының мүдделерін қорғау тақырыбына аударды.
«Біз «Еңбек адамы» дегенде, негізінен зауыттар мен ірі кәсіпорындардың қызметкерлері туралы ойлаймыз. Бірақ көбі маусымдық жұмысшыларды, қарапайым қоғамдық көлік жүргізушілерін, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істейтін техникалық жұмысшыларды естен шығарады. Біздің Қордың мақсаты - әрбір қызметкерді қорғау. Біз бұл жұмысшыларға, еңбек адамдарына оларға қолдау көрсетіп, мүдделерін қорғайтын адамдардың бар екенін түсіндіргіміз келеді. Жұмысшылардың сөзін сөйлеп, олардың үнін жеткізетін адамдар бар», - деді белсенді.