Новости КАЗ

Қор бастамаларын жастар да қолдайды

Қор бастамаларын жастар да қолдайды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жоғары курс студенттері «Әділдік және Өркендеу» қорының бастамаларын қолдаушылар қатарына қосылды.

Мен манифестке қол қойдым,өйткені Әділетті Қазақстан идеяларын қолдаймын. Ал бұл идеялар қор жұмысының негізінде жатыр. "Әділдік және Өркендеу" қазақстандықтардың, жастардың өмірін жақсарта алады, сондықтан мен де осы процесске, қор жетекшілік ететін жобаларға атсалысқым келеді», - деп бөлісті 2 курс студенті Аяжан Манапова.

Жақында қор мен университет басшылығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Қазір студенттер мен болашақ заңгерлерге «Әділдік және Өркендеу» ұйымының мақсаттары мен жобалары туралы жан-жақты ақпарат беріліп жатыр. Соның бірі – қазақстандықтарға еңбек мәселелері бойынша тегін заңгерлік кеңес беру. Енді заң факультетінің студенттері бұл жобаға қатысып, тәжірибе жинау мүмкіндігіне ие болды.