Көкшетауда «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының белсенділері жергілікті емхананың медицина қызметкерлерімен кездесу өткізіп, өңірдегі денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерін талқылады.
Қор белсенділері Владислав Щуль мен Абзал Токанов Қордың миссиясы мен мақсаттарына тоқталып, күрделі проблемаларды шешу үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Білікті кадрлардың жетіспеушілігіне, пациенттердің ұзақ кезектеріне және медициналық жабдықтардың тозуына ерекше назар аударылды.

«Біз Сізге де, Сіздің пациенттеріңізге де қатысты медицина саласындағы өткір проблемаларды көріп отырмыз. Жалпы игілік үшін бірігіп, жағдайды жақсарту бойынша өз талаптарын білдіру қажет», - деп атап өтті өңірлік белсенді Бақыт Смағұл.
Емхана қызметкерлері, өз кезегінде, күнделікті жұмыста кездесетін өзекті мәселелер туралы өз ойларымен бөлісті. Қауіпті жағдайда жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің проблемаларына ерекше назар аударылды.

«УДЗ, рентген кабинеттерінде жұмыс істейтін дәрігерлер мен медбикелерге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленеді. Алайда, осы қауіпті ортада дәрігерлердің жанындағы санитарларға мұндай төлем тағайындалмайды. Сондықтан олар уақытында зейнетке шыға алмайды. Бұл мәселе республиканың барлық аумағында бар. Бұл жарна 2014 жылдан бастап төленіп келеді», - деді Айгүл Нұрғалиева.
Қор өкілдері денсаулық сақтау саласындағы жағдайды жақсарту жөніндегі күш-жігерге қолдау білдіріп, көкейтесті проблемаларды шешу үшін медициналық мекемелермен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу соңында Қордың медицина саласындағы қызметі туралы сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауаптар берілді.
«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры медициналық мекемелермен ынтымақтастықты жалғастыруға және денсаулық сақтау саласындағы өзекті проблемаларды шешуге белсенді қатысуға дайын екендігін білдіреді.
Белсенділер қазақстандықтарды бірлескен ынтымақтастық және елдің мықты, әділ әрі гүлденген болашағын құру үшін Манифестке онлайн қол қоя отырып, Қордың жұмысына қосылуға шақырады.