Новости КАЗ

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстаудағы өкілі Манифестің қағидаларын қолдады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлу Мухамбетярова «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ

Манифест-үндеуімен танысып, оның қағидаларын қолдайтынын жеткізді. Ол Қор қызметіндегі өзінің көңілінен шыққан бірнеше бағытты атап өтіп, ұйым алдындағы мақсат-міндеттердің ойдағыдай жүзеге асатынына сенім білдірді. Белсенділермен кездесуде Нұрсұлу Мухамбетярова ұйым жұмысының жемісті болуын тіледі.

Айта кетерлігі, «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының бастамасымен әзірленген Манифест-үндеу жұмысшылардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік әділдік, азаматтардың шешімдерді қабылдауға қатысуы, тең құқылық пен заң алдындағы теңдік сынды нақты қағидаларды қамтиды.

Қоғам белсенділері аталмыш құндылықтармен келісетін азаматтарды Қор жұмысына атсалысып, Қазақстанның мықты, әділ және өркениетті келешегін бірге құруға шақырады.