«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры ұйымдастырған дөңгелек үстелде еліміздің қауіпсіздік техникасы жөніндегі басты құжат, яғни Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы - талқыланған тақырыптарының бірі болды. Оның негізгі тезистерін қатысушыларға ҚР ЕХӘҚМ жанындағы Еңбекті қорғау РҒЗИ бас директорының м.а. Әлімжан Бекмағамбетов баяндады. Институт осы құжатты әзірлеумен айналысты, спикер оның уақытылы қолға алынғаны мен заман талабына сай екенін атап өтті.
Алайда, бұл позицияны жиналған қауым бірауыздан қолдаған жоқ. Қатысушылар бұл құжат сараптамалық ортада кеңірек талқыланса, оның маңызы әлдеқайда артатынын меңзеді. Экономиканың нақты секторында жүрген мамандардың пікірі тұжырымдаманы күшейте алады. Ал, әзірге бұл құжат тек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұстанымын ғана айқындап отыр.
«Қорғау» Көмір өндірушілер кәсіподағының бас техникалық инспекторы Андрей Лукин:
«Жұмыс беруші жеке қорғаныс құралдарын қолдануға міндетті, бірақ егер кем дегенде ең төменгі мемлекеттік стандарт бекітілмесе, олар жабдықтарды уақытында жаңартпайды. Әртүрлі мамандық иелерін бірдей киіндіруге болмайды. Мәселен, аккумулятор орнататын маман іс жүзінде зиянды жұмыс жағдайында жұмыс істейді, ол қышқыл сілтілерді қолданады. Яғни оған бет маскасы қажет. Тұжырымдамада берілген есептеуге сәйкес, оған қарапайым медициналық маска жеткілікті. Бірақ қышқылдың көзге тиіп кетуі әбден мүмкін ғой. Соны ескерген жөн. Құжатта 4-5-ші топтағы кеншілерге бет маскасы қарастырылған. Бірақ бұл қызметтегі тәуекелдер мүлдем басқаша. Құлап кету қаупі, су басу қаупі бар дегендей. Оларға бет маскасы жеткіліксіз, бірақ қарапайым респиратор қажет болады. Яғни, құжатта әр мамандықтың жұмыс ерекшеліктері ескерілмеді».