Заңгер, аспаз және есепші: жұмыс берушілерқанша жалақы ұсынып отыр
«Әділдік және өркендеу» қоры www.enbek.kz электрондық еңбек биржасында қандай маман сұранысқа ие екенін зерттеп, тамыз айындағы топ-10 мамандықты анықтады.
Бірінші орында – есепші. Электрондық еңбек биржасын зерттеу кезінде мұндай 4823 бос орын болды. Жұмыс берушілер 85 мыңнан 900 мың теңгеге дейін төлеуге дайын.
Балабақша тәрбиешілері мен олардың көмекшілеріне екінші орын бұйырып тұр – 4719 вакансия. Жалақы 85 000 – 400 000 теңге аралығында.
Хабарландыру саны бойынша мейірбике/мейіргерлер үшінші орында – 4461. Шамамен 85 мыңнан 350 мың теңгеге дейін төлейді.
Жұмыс берушілер іздейтін топ-10 мамандықтың арасында заңгер, санитарлар, тігінші, аспаз, бастауыш сынып мұғалімдері, іс қағаздарына жауапты мамандар мен күзетшілер бар.
Еnbek.kz алаңындағы ақпарат күн сайын жаңарып отырады. Мәлімет бос жұмыс орындарының мемлекеттік базасынан және жұмыспен қамту жөніндегі онлайн алаңдардан алынады.