Новости КАЗ

Қарағанды облысы құрылысшылар кеңесінің басшысы кеншілердің зейнет жасын төмендету туралы петицияға қол қойды

Қарағанды облысы құрылысшылар кеңесінің басшысы кеншілердің зейнет жасын төмендету туралы петицияға қол қойды

Төлеген Әшімов - тәжірибелі құрылысшы. Ол шахталарда түрлі құрал-жабдық орнатып, Теміртаудағы металлургия зауытының құрылысына қатысқан адам. Оның туыстары мен достарының көбі кеншілер мен металлургтар. Сондықтан ол бұл жұмыстың қаншалықты ауыр екенін біледі. 50 жастан зейнетке шығу – әділетті әлеуметтік қолдау, дейді облыстық құрылысшылар кеңесінің басшысы.

Мен петицияны қолдаймын. Өйткені кеншілер мен металлургтардың жұмысы қандай екенін, олардың қандай жағдайда жұмыс істейтінін жақсы білемін. Бұл өте ауыр жұмыс, денсаулыққа да зиян. Сондықтан менің ойымша, олар 50 жасында зейнетке шығуға құқылы. Азаматтық белсенділік танытып, дауыс бергеніміз дұрыс болады. Кеншілер бұған лайық. Олар жылдар бойы салық төлейді, жұмысшылар тобының алдыңғы шебі десе де болады, - деп атап өтті құрылыс саласының ардагері.

Кеншілердің зейнетке ертерек шығуын қолдаңыз! E-petition.kz-те петицияға қол қойыңыз!