Новости КАЗ

Қор белсенділері қазақстандықтарды тілсіз жаумен күресу үшін біріктіреді

Қостанайлық белсенді Амандық Әмірхамзин болса, әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан халқын жұдырықтай жұмылып, зардап шеккен жұртқа көмек көрсетуді сұрады. Оның бастамасы бүкіл ел бойынша қолдау тапты. Еліміздің түкпір-түкпірінен Қостанай облысында зардап шеккен азаматтарымызға қаражат аударылды. Жиналған ақша есебінен белсенді елге керек заттарды жөнелтті.

Қазақстанның бірнеше өңірінде болып жатқан су тасқыны ел тұрғындарына айтарлықтай зардап келтіріп, үйінен айырды. Тілсіз жау келген бетте «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының өкілдері азаматтарымызға көмек беріп, барынша қолдау көрсетіп жатыр. Қордың ұжымы қиын жағдайға ұшыраған халыққа бас амандығын, деннің саулығын, күш-жігер мен сабыр тілейді.