Ержан Мұхамеджанов – көкшетаулық шаштараз. 26 жылдан бері осы кәсіппен айналысып келеді
Ол кез келген мамандық сынды бұл істің де қызығы мен шыжығы бірге жүретінін айтады. Бастапқыда оған ауылдастары жүгіне бастаған. Кейін облыс орталығы – Көкшетау қаласына көшкен. Сол жерде білікті мамандардан үйреніп, жұмысқа кіріскен. Жақсы еңбектенсең, табысы да жаман емес, дейді ол. Айына шамамен 400-500 мың теңге табуға «Ауылда көршілердің, үлкен кісілердің шашын алып жүретінмін. Сонау 1998 жылдан бері осы кәсіптемін. Шаштараз деген өте қызық жұмыс. Адамдармен көп сөйлесіп, олардың көңілінен шығып, әңгімелесіп клиенттер өзіңнің бауырыңдай болып кетеді», – дейді маман.
Бұл кәсіп иелері бірнеше ай оқып, біртіндеп тәжірибе жинауға кіріседі. Шаштараздарда біліктіліктің бес деңгейі болады. Тәжірибелі маман оларды әрдайым арттырып отыруы қажет.
«Таңертеңнен кешке дейін аяқта тік тұрамыз. Ұсақ шаштар көп, өкпеге зиян, сондықтан маскамен жұмыс істейміз. Артық салмақ болса, аяқ тамырларында варикоз пайда болуы мүмкін» – дейді Ержан Мұхамеджанов.
Варикоздан бөлек, радикулит, остеохондроз, дерматит және бронх демікпесі сынды тыныс жолдарының түрлі ауруына шалдығу қаупі жоғары. Бірақ кәсіп иесінің айтуынша, қиындығынан гөрі артықшылығы көбірек. Еңбек нарығында сұранысқа ие, кәсіптік білім қолжетімді, жалақысы бәсекеге сай, шығармашылық қабілетті дамытуға мүмкіндік мол.