Жолды салу мен жөндеу барысында жымқырылған қаржылар қоғам белсенділерінің табандылығының арқасында анықталып, қазынаға қайтарылып жатыр. Бұл туралы «Саналы ұлтқа - сапалы жол» жобасының жетекшісі Азамат Мусилов мәлімдеді. Орал қаласындағы кездесуді «Әділдік және өркендеу» қоры ұйымдастырған болатын.
– Мысалы, бір жол-көлік оқиғасын тергеу барысында 618 белгі орнатылуы керек жол учаскесінде, тек 23-і ғана орнатылғаны анықталды. Біз облыс прокурорын, полиция қызметкерлерін алып, бірге санап та шықтық. 595 жол белгісі жоқ. Яғни, бөлінген қаржы желге ұшты деген сөз,- дейді Азамат Мусилов.
Ол 10 жылдан астам уақыт бойы облыстағы жолдардың сапасын бақылап келеді, соңғы бір жылда қорға қосылып, арнайы жобаға жетекшілік етіп жүр. Тек биылдың өзіне ол қордың көмегімен БҚО-да 7 200 шақырымнан аста жолды тексеріп шықты. Енді ол «Саналы ұлтқа - сапалы жол» жобасын өзге өңірлерде жалғастырмақ.
– Бүгінде біз тексеру қорытындысы бойынша бір мердігерден мемлекетке 136 миллион теңге, екінші мердігерден – 13 миллиард теңге қайтаруға тырысып жатырмыз. Қазынаның осыншама қаржысы қымқырылған. Облыстық прокуратура, әкімдік, полиция, ішкі аудит, салық департаменті біздің жұмысымызға кесе-көлденең тұруға тырысты. Астанаға барып, Қаржы министрлігіне жетіп, сол жерде ғана мемлекет жолдарда осынша қаржыдан айырылып жатқанын жеткізе алдық. Яғни, жергілікті органдардың кедергісіне қарамастан, біз бұл мәселені орталық арқылы шешетін деңгейге жеттік, - дейді қор белсендісі.
Естеріңізге сала өтейік, біздің қор жол сапасына қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізіп жатыр, мына сілтеме арқылы өтіп, сұрақтарға жауап бере аласыз.