Новости КАЗ

"Еңбек даңқы" онлайн-кітабы: "Әділдік және өркендеу" республикалық жобаны жүзеге асырады

"Әділдік және өркендеу" қоры республикалық жобасы - «Еңбек даңқы» онлайн-кітабын қолға алды. Бұл адал еңбекпен отбасын асырап, ел экономикасын еселеуге үлес қосып жүрген Сіз бен біздің жақындарымыздың есімі жазылатын естелік кітабына айналады. «Еңбек даңқы» онлайн-кітабына кез келген қазақстандық лайықты деген жанды қоса алады. Бұл кітап та adalenbek.kz арнайы порталына жүктеледі.

Сондай ақ, Қор журналистер мен блогерлер арасында «Еңбек адамы туралы ең үздік материалға» байқау жариялайды. Конкурсқа журналистер мен кемінде 3 мың жазылушысы бар блогерлер қатыса алады. Жұмыстар түрлі жанрда,бірнеше номинация бойынша қабылданады. Келіп түскен жұмыстарды құрамында беделді медиа мамандар мен қор өкілдері кіретін қазылар алқасы бағалайды. Алғашқы жеңімпаздар Журналистер күніне орай марапатталады. Ал, 2025 жылдың соңында жалпы қорытындысы шығарылады.

«Бұл бастамалардың ішінде ерекше орын алатыны – «Еңбек даңқы» кітабы жобасы. Барлық қазақстандықты өз жақындарының еңбек жолы туралы естеліктерін бөлісуге шақырамыз. Жұмысшы мамандықтар жылы - бұл еңбекпен келген нанның тәтті болатынына, қоғамның дамуы үшін адал еңбектің маңыздылығына ерекше екпін түсіретін уақыт. Бұл бастамаларды бүкіл қоғам болып қолдап, жүзеге асыруға белсенді қатысса дейміз.

Біздің мақсатымыз - ҮЕҰ, белсенділер мен барлық мүдделі азаматтардың күш-жігерін біріктіру, еңбек адамының беделін нығайту және әлеуметтік әділдік құндылықтарын ілгерілету. Елімізде Жұмысшы мамандықтар жылын өткізуді қоғамдық қолдау Орталығы күшіміз бен үнімізді біріктіретін платформаға айналады деп сенеміз. Біз біріге отырып, еңбек адамының елдің болашағы мен өркендеуінің қуатты негізі болатынын көрсетеміз!»,- деді Қор директоры Дана Рысмұхамедова баспасөз мәслихатында.