«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры және оның Батыс Қазақстан облысындағы өкілі, жемқорлыққа қарсы күрескер Азамат Мусилов көктемгі су тасқынынан кейін өңірдегі жолдардың жай-күйіне мониторинг жүргізуді бастады. Ол бұған дейін жол-құрылыс компаниясын басқарған, ал қазір басқа белсенділермен бірге өңірде салынып жатқан жолдарға қоғамдық бақылау жүргізеді.
Батыс Қазақстан облысында жолдардың шамамен 70%-ы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Ал, қауіпсіз әрі жайлы жолдың ел экономикасына әсері мен өңір тұрғындары үшін маңызы айтпаса да түсінікті. Осы орайда «Әділдік және Өркендеу» қорының өкілдері мемлекет пен азаматтық белсенділердің назарын қазақстандықтарды сапалы көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету мәселесіне аударуға ниетті.
Мониторинг тобының нысанасына іліккен алғашқы жол торабы - ұзындығы 139 шақырым болатын, республикалық маңызы бар – «Қазталов – Жәнібек – РФ шекарасы» бағытындағы тас жол. Дәл осы жолдың сапасына өңір тұрғындарының шағымы көп. Әсіресе, күз бен көктем мезгілдерінде жол азабы артып, жаңбыр мен қардың салдарынан машиналар, сондай-ақ арнайы техника балшыққа батып, тоқтап қалады. Ұзындығы 53, 43 және 42 шақырым деп үш учаскеге бөлінген республикалық автомобиль тас жолының құрылысымен «Uniserv» ЖШС және «Теміржол жөндеуші» ЖШС айналысады. Жол жөндеу жұмысы 2019 жылдан бері жүргізіліп келеді, құрылыс құны 61 млрд теңге. Сарапшы Азамат Мусиловтың мәлімдеуінше, жөнделген жолдың сапасы өте төмен.
- Мердігерлер жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде Қытайда өндірілген төрт осьті карьерлік жүк аударғыштарды пайдаланады, олардың оське жүктемесі «Орал – Атырау» республикалық маңызы бар тас жолының және «Чапаев – Қазталов – Жәнібек – РФ шекарасы» бағытында жөнделетін жолдың мүмкіндігінен әлдеқайда асып түседі. Тапсырыс беруші, шамасы, жұмыстың дұрыс жүргізілуін бақыламайтын болуы керек. Нәтижесінде, «Орал – Чапаев» және «Чапаев – Сарықұдық» жол учаскелерінде терең ойық, бойлық және көлденең жарықтар, ақаулар пайда болған. Автобанның асфальт төсемі шөгіп, жарықтардың пайда болу қаупі бар, үш жыл бұрын салынған жолдың жағдайы бұлай болмауы тиіс еді, – деп түсіндіреді сарапшы.
«Uniserv» ЖШС, «Теміржол жөндеуші» ЖШС және «Атырауқұрылыс» ЖШС компаниялары 2022 және 2023 жылдары шұғыл жөндеу жүргізген учаскелерде де жолдың сапасы көңіл көншітпейді.
- Мұнда жол төсемінің бойлық және көлденең шөгуі, жол жабынының өрескел түйісуі әрі асфальт жабынының бұзылуы анықталды. Республикалық маңызы бар «Чапаев – Қазталов – Жәнібек – РФ шекарасы» жолының 73-шақырымында асфальт төсемінің жоғарғы және төменгі қабаты бұзылып, 4х4 метрлік жол негізінің топырағы құлаған. Бұдан әрі, республикалық маңызы бар «Чапаев – Қазталов – Жәнібек – РФ шекарасы» жолының 89-шақырымында «Чапаев-Қазталов» қозғалыс бағытының жолағында көлемі 3,2 м х 5,6 м жол жабындысының механикалық бұзылғаны анықталды, – дейді Азамат Мусилов.
Жол сапасын тексеру нәтижесінде, мониторинг тобының өкілі мынадай қорытындыға келді: топырақ қажетті деңгейде нығыздалмағандықтан жол жүктемеге төтеп бере алмады, сондықтан опырылып құлады. Бұған қоса, маманның пікірінше, ұсақталған асфальт төсемінің құрамы бекітілген стандарттарға сәйкес еместігін көрсеткен.
Азамат Мусилов «Чапаев – Қазталов – Жәнібек – РФ шекарасы» бағытындағы республикалық тас жолдың барлық учаскелерінде жол жамылғысының одан әрі бұзылып, шөгіп, одан әрі опырыла беретінін болжап отыр.
«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының өкілдерімен күш біріктіре отырып, сарапшы өңір үшін стратегиялық маңызы бар автомобиль жолдарын жақсарта түсу үшін бірқатар ұсыныстар әзірледі.
Оған жоғарыда аталған автожолдармен ауыр карьерлік техниканың жүруіне тыйым салу; Үлкен Шаған елді мекені мен Чапаев кентінің жанында деректерді электрондық базада сақтайтын стационарлық жүк көлік таразыларын орнату; учаскелер бойынша объектінің паспортына байланыстыра отырып, «Орал – Атырау және Чапаев – Қазталов – Жәнібек – РФ шекарасы» жолының ақауларын анықтау секілді ұсыныстар енгізілді. Мониторингтің келесі кезеңі өңірдегі тасқын сумен шайылған жол учаскелерінде өтеді.
«Саналы ұлтқа – сапалы жол» қоғамдық мониторинг жобасы мамыр айында басталды. Осылайша «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры Қазақстанның өзге де өңірлерінде автомобиль жолдарының жағдайын бақылауды жоспарлап отыр. Жоба аяқталғаннан кейін оның нәтижелері мен жағдайды түзету бойынша қордың барлық ұсыныстары Үкіметке жіберіледі.
Айта өту керек, бұған дейін «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры бірнеше қоғамдық комиссия құрған болатын. Олар кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігін және МӘМС жүйесінің іске асыуын бақылайды. Қордың қызметі азаматтардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.