Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылын өткізуді қоғамдық қолдау Орталығы жаңа жылдық мерекеден соң бірден іске қосылады. Мұндай Орталықты құру бастамасын «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры 24 желтоқсан күні БАҚ өкілдеріне арналған арнайы іс-шарада жариялады.
Орталық ҮЕҰ, қоғам белсенділері мен Жұмысшы мамандықтар жылын лайықты өткізуге немқұрайлы қарамайтын азаматтар үшін ортақ алаңға айналмақ. Қор бұл үшін adalenbek.kz арнайы сайтын жасайды. Сайтта елдегі еңбек адамдарын қолдауға арналған қоғамдық іс-шаралардың интерактивті Картасы жасақталады.
Қор осы ретте, ақпаратты бір ресурста жинау үшін үкіметтік емес ұйымдарды өз бастамалары туралы ақпарат бөлісуге шақырады. Бұл кез келген қазақстандық үшін ыңғайлы болмақ, яғни бір сайтқа кіріп, өтетін іс-шаралар туралы ақпарат алып, қатысуға мүмкіндік береді. Ақпаратты adildik.org.kz@gmail.com поштасына жіберуге болады.