Жастар - қашанда қоғамның негізгі қозғаушы күші. Сондықтан болашағын бағамдайтын мемлекет жастардың санасының ояу, білімінің жоғары болуына басты мән беретіні сөзсіз. Осы тұста «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Шымкент қаласындағы белсенділері «Жол-көлік колледж» студенттерімен кездесті.
Жиында Қордың Шымкенттегі өкілі Эльенора Ағабекқызы ұйымның негізгі міндеттеріне тоқталды.
«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғауға ерекше мән беріп отыр. Сіздер, бүгінгі студенттер, ертең түрлі жұмыс орындарына барып, еліміз үшін елеулі қызмет етесіздер. Осы орайда әрқайсыңыз өз құқықтарыңызды білсеңіздер, еңбектеріңіз өрге басады. Біз жастардың құқықтық сауатын арттырып, еліміздің болашағын дамытуға сүбелі үлес қоспақшымыз», – деді Эльенора Ағабекқызы.
Сондай-ақ кездесуде Қоғамдық қордың негізі құжаты болып табылатын Манифест-үндеу талқыланды. Манифест - үндеумен танысып шыққан оқу орын басшылығы мен кездесуге келген студенттер «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының негізі бағыт-бағдарын қолдап, құжатта көрсетілген қағидаларды еліміз бен азаматтарымыз үшін маңызы зор екеніне келісті. Жиын барысында студенттер мен колледж оқытушылары Қор қызметі жайлы сұрақтарын қойды.
Ашық диалог форматында өткен басқосуда студенттер мен колледж ұжымы Үндеу-Манифест қағидаларын толық қолдайтындарын айтып, ұйымның жұмысына сәттілік тіледі.
«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ белсенділері азаматтарды Манифестке онлайн қол қою арқылы Қор жұмысына атсалысып, Қазақстанның мықты, әділ және өркениетті келешегін бірге құрып, өзара ынтымақтастық орнатуға шақырады. https://share.kz/gjVY