«Әділдік және өркендеу» Қорының Алматы қаласындағы өңірлік өкілдігінің басшысы Мирас Байсейітов Silk Belt YouTube-арнасына берген сұхбатында қоғам қайраткерлерінің шегірткелерге қарсы күресті күшейту және фермерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі ұсыныстарын айтты.
Қор өкілінің пікірінше, АӨК саласындағы негізгі проблемалар құзыретті маман тапшылығы мен саладағы ғылымды дамытуға қаражаттың аз бөлінуімен байланысты. Мұның бәрі фитосанитарлық тексерістердің тиімділігіне кері әсерін тигізіп отыр.
«Бейінді министрлікте кадрлардың құзыретіне қатысты мәселе бар. Шегірткенің таралуымен күресуге жауапты ведомствоның жіберген қателіктеріне түсіністікпен қараған жөн деп есептеймін. Талдау жасап, кімнің не үшін жауап беретінін, мамандардың тәжірибесі мен білімі қандай екенін анықтау қажет. Шегірткемен күресуге қанша ақша бөлінгенін және оның қаншалықты тиімді жұмсалғанын түсіну керек. Бұл бағыттағы жұмысты тездету - Министрліктің ең басты міндеті. Қалай болғанымен, биыл химиялық өңдеу кешіктіріліп жүргізілді», - деп атап өтті Мирас Байсейітов эфирде.
Белсенді бюджет қаражатының қалай жұмсалғанын білу үшін сарапшыларды тартып, қоғамдық бақылау мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынады. Атап айтқанда, қалыптасқан ахуалды тез арада реттейтін кеңестер құрып, оның құрамына ғалымдарды, белсенді фермерлер мен мемлекеттік орган өкілдерін қосу, сондай-ақ фитосанитариялық мониторинг жүргізу, зиянкестерден қорғанудың тиімді әдістерін әзірлеу және қаражатты тиімді игеру маңызды.
«Бұл жұмысты жағдайды зерттеп, тексерісті сапалы жүргізе алатын тәжірибесі бар білікті мамандар жүргізу керек. Егіс алаңдарына улы химикат себу мәселесіне келетін болсақ, менің ойымша, арзан дрондарға көшуге қажет. Бұл тиімді әдіс көрші елдерде бұрыннан қолданылып келеді. Мысалы, бір дронға шамамен 70 литр биохимиялық егінді уламайтын қауіпсіз қоспа сыяды. Сондай-ақ қауіпсіз пестицидтерді әзірлеу үшін ғалымдармен тығыз жұмыс істеу қажет. Мен осымен айналысатын белгілі отандық ғалымдарды білемін, бірақ, өкінішке қарай, оларға мемлекет тарапынан қолдау мен қаржыландыру берілмей жатыр. Осы орайда мемлекет отандық ғылыми жұмысқа, біздің ғалымдар мен мамандарға назар аударуы керек»,- деп атап өтті «Әділдік және өркендеу» Қорының Алматы қаласындағы өңірлік өкілдігінің басшысы.
Сонымен қатар Мирас Байсейітов мемлекеттік қолдау шараларын жүргізу арқылы фермерлердің қаражатын үнемдеген маңызды деп санайды.
«Үкімет фермерлерді тыңдау керек, олар өңірлердегі ахуалды жақсы біледі. Егер егін шықпаса, фермер салықты қалай төлейді? Ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін қорғау үшін шегірткелерден келтірілген залалды өтеу рәсімін әзірлеу және бекіту, сондай - ақ мөлшерлемесі қолжетімді болатын субсидиялар беру қажет», - деді Қор белсендісі.
«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының қызметі еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, әлеуметтік әділдік орнатуға жәрдемдесуге және барлық азамат үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Қордың негізгі қағидалары барлық қазақстандыққа арналған Манифест-үндеуде көрсетілген. Қиын жағдайға тап болған кез келген азамат тегін заңгерлік кеңес алу үшін Қордың қоғамдық қабылдауларына жүгіне алады.