Новости КАЗ

«Стекло-Сервис» ЖШС «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ қағидаларын қолдайды

Қазақстанда әйнек өндіретін «Стекло-Сервис» жетекші компаниясы «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Манифест-үндеуін қолдайтынын жеткізіп, құжатта белгіленген мақсаттар мен қағидаларға ортақтас екенін хабарлады. Қор белсенділерімен кездесуде компания ұжымы болашақта тараптар арасында тығыз ынтымақтастық орнайды деген үміт білдірді. Әр қызметкер Манифестен өзіне қажетті тетігін тапты.

Бұл компания әуежайларды, мәдениет мекемелерін және тұрғын үй кешендерін, қаладағы инфрақұрылым объектілерін шынылауға белсенді қатысады, ғимараттардың заман талабына сай эстетикалық көрінісін қамтамасыз етеді.

Жұмысын шағын шеберханадан бастаған компания белсенді дамып келе жатқан және әйнек өндірісіне энергияны үнемдейтін технологияларды енгізетін ірі кәсіпорынға айналды. Компанияның бас директоры Аркадий Рубцов Қор қағидаларының кәсіпорын құндылықтары мен мақсаттарына сай келетінін айтты. Әсіресе, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғап, оларға әділ сыйақы төлеу қажеттілігі туралы ұсыныс оның көңілінен шықты.

«Білікті кадрлар біздің компанияның қозғаушы күші болып табылады. Негізінен, біздің көзқарасымыз «Әділдік және Өркендеу» Қоры басымдық беріп отырған қағидаларға сай келеді. Манифест уақыт тенденцияларына сәйкес әзірленген, әсіресе, жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселелерінде біздің ойымыз бір жерден шығып отыр. Біздің еңбек адамдарына деген құрметіміз жоғары. Әркімнің қабілеті мен атқарған жұмысының нәтижесі бойынша әділ сыйақыны төлеуді қолдаймыз», - деп атап өтті Аркадий Рубцов.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженері Гүлниса Ізімбергенова Қордың жұмысына сенім білдіре отырып, жұмыс орнындағы кепілдендірілген еңбек жағдайы мен қауіпсіздіктің маңыздылығын атап өтті.

«Біз үшін лайықты еңбек жағдайы, жұмыс орнындағы қауіпсіздік кепілдіктері бірінші кезекте тұр. «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры қазақстандықтардың тыныс-тіршілігінің негізгі салаларындағы, әсіресе жұмысқа орналастыру секторындағы нақты проблемаларын шешуге атсалысып жатқаны қуантады. Бұл бізге сенім ұялатады», - деп атап өтті инженер.

Естеріңізге салайық, «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ белсенділері азаматтарды Манифестке онлайн қол қою арқылы Қор жұмысына атсалысып, Қазақстанның мықты, әділ және өркениетті келешегін бірге құрып, өзара ынтымақтастық орнатуға шақырады.
2024-04-01 14:55