12 метр тереңдіктегі сабақ: қарағандылық студенттер шахта-музейде тау-кен ісін меңгеріп жүр
Қарағанды тау-кен индустрия колледжінде ерекше музей бар. Ол жердің астында орналасқан. Тереңдігі – 12 метр. Тау-кен комбайндары, ленталы конвейер, жанармай жеткізетін машиналармен жабдықталған.
Шахта-музей 2017 жылы ашылған болатын. Туристер қуана келетін музей болашақ шахтерлерді оқытуға да зор көмек.
Колледжде кеншілер әулетінен шыққан студенттер көп. Мәселен, Рафаэль Габдульбаровтың әкесі де, атасы да осы салада қызмет еткен. Рафаэль қазір үшінші курста оқып жүр.
«Сабақ кезінде конструкциялардың принципін, тау машиналары қалай жұмыс істейтінін білеміз. Дәріс кезінде тақырыпты жан-жақты талқылаймыз, кейін оқу шахтасына түсіп білімімізді тәжірибе жетілдіреміз. Жұмыс өте қызықты, күн сайын жаңа дүние үйренеміз. Болашақта мамандығым бойынша шахтада жұмыс істеуді жоспарлап отырмын», – дейді Рафаэль.
Оқу орнында 400-ден астам студент бар. Басты қағида – теория мен тәжірибені қатар алып жүру.
«Оқу шахтасында «Электрондық және механикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығында оқитын студенттер тәжірибе жинақтайды. Жер асты электрмонтері және электр жабдықтарын орнатушылар оқиды», - дейді колледж директоры Нұрлан Әбденов.
Сарапшылардың болжамы бойынша, болашақта Қазақстанда және әлемде тау-кен кәсіптері біршама өзгеріске ұшырайды. IT майнинг мамандары, тау-кен бағдарламашылары сынды жаңа мамандықтар да пайда болады.
.