«Әділдік және Өркендеу» қоры «өндіруші өнеркәсіп ашықтығы бастамасын» қолдады
Жер қойнауын пайдаланатын кәсіпорындар ашықтықты қамтамасыз етуі керек. Өйткені түсетін табыс жергілікті халықтың игілігіне жұмсалуға тиіс. Осындай ұстанымды алға тартқан «Әділдік және Өркендеу» қорының өкілдері арнайы мониторингке қатысқан болатын. Қордың Ақтөбе облысындағы өкілдігінің жетекшісі Александр Мандрыкин осы бастамаға белсенді араласып, басы-қасында жүргендердің бірі. Ол Астанада өткен ауқымды жиынға келіп, мониторинг қорытындысы бойынша қор өкілдері әзірлеген ұсыныстарды бөлісті. Айтуынша, еліміз «Өндіруші өнеркәсіп ашықтығы бастамасының» әлемдік стандарттарына сай болу үшін әкімдіктер, тау-кен компаниялары мен азаматтық қоғамның бірлесе жұмыс істеуі маңызды.
«Мониторингке «Әділдік және Өркендеу» қорының бастамасымен Ақтөбедегі бірқатар қоғамдық қозғалыс өкілдері қатысты. Жергілікті тұрғындар жер қойнауын игерудің нәтижесін көруі керек. Яғни компаниялардың көрсеткіштері мен табысы ашық болуы шарт. Біз ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлінетін қаражат өңірдегі әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалармен байланыстырылуы керек деп ойлаймыз. Осындай ұсыныс жасап отырмыз», - деді Қордың Ақтөбе облысындағы өкілдігінің жетекшісі Александр Мандрыкин.
Қазіргі уақытта жер қойнауын игеретін компаниялардың табысы барынша жабық. Сондықтан Қазақстанда 2005 жылдан бастап «Өндіруші өнеркәсіптің ашықтығы бастамасы» жүзеге асырылып келеді. Мақсат – жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың кірістері туралы ақпаратты ашық жариялау. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс аясында компаниялар құзыретті органға есеп ұсынып отыруға міндеттелген.
Александр Мандрыкин осы есепті бүге-шүгесіне дейін зерттеп, компаниялардың қаражаты қайда кетіп жатқанын қадағалау ортақ міндет екенін атап өтті. Ол «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын кез келді» деп отыр. Ақтөбе өңірінде жүргізілген мониторинг бойынша жинақталған тәжірибені өзге өңірлермен бөлісуге әзір екенін жеткізді.