Еліміздің бірнеше өңірін топан су басып, жүздеген адам баспанасынан айырылды. Осы қиын кезде «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының өкілдері су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсетуді жөн көрді. Белсенділер бір күндік жалақысын мұқтаж жандарға аударып, өңір тұрғындарына барынша жәрдемдесіп жатыр.
Қол ұшын созған белсенділердің ішінде Қоғамдық қордың Ақтөбедегі өкілдігінің басшысы Александр Мандрыкин де бар. Білікті инженер-эколог және қоғам қайраткері әріптестерімен бірге алдын ала арнайы жұмыс тобын ұйымдастырды. Олар үлкен суды тоқтату үшін қауіпті жерлерде топырақ сеуіп, уақытша бөгеттер жасады. Жұмыс тобы қабылдаған шаралардың арқасында 50 үйдің 30-ы су басудан құтқарылды.
Ал, қостанайлық белсенді Амандық Әмірхамзин әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан халқын жұдырықтай жұмылып, зардап шеккен жұртқа көмек көрсетуді сұрады. Оның бастамасы бүкіл ел бойынша қолдау тапты. Еліміздің түкпір-түкпірінен Қостанай облысында зардап шеккен азаматтарымызға қаражат аударыла бастады. Жиналған ақша есебінен белсенді елге керек заттарды жөнелтіп жатыр. Қаражаттың жұмсалуы жайлы ақпарат Амандық Әмірхамзиннің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған.
Бұл бастама «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының басқа өңірлерде де қолдау тапты. Мәселен, Түркістан облысындағы Қор өкілдігінің жетекшісі Әдемау Толысбаева әлеуметтік желілер арқылы қолдан келгенше көмек көрсету керектігін жеткізді.
Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев апаттан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетілетінін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы азаматтарымыздың көмексіз қалмайтынын айтып, су тасқыны салдарынан келтірілген залалдың орнын толтыру үшін нақты тапсырмалар берді. Осы орайда Үкіметке пен жергілікті атқарушы органдар шығын есебін анықтау керек.
Үй-күйсіз қалып, малынан айырылған өңір тұрғындарының шығынын өтеу үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлініп, «Қазақстан Халқына» қорынан да ақша аударылатыны белгілі болды. Президент демеушілер мен бизнес өкілдерін де бей-жай қарап отырмай, халыққа көмек көрсетуге шақырды.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының өкілдері барша қазақстандықты осы ауыр кезеңде бірігіп, көмекке зәру болып отырған отандастарымызды қолдауға шақырады.