БҚО-дағы «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының өңірлік көшбасшылары Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасына барды. Белсенділер қоғамдық ұйымның басты миссиясы туралы айтып, негізгі құжат - Манифест-үндеуді таныстырды.
Кітапхана директоры Шолпан Оразаева Манифестке қолдау білдіріп, білім беру мен өмір сапасын жақсартуға қатысты маңызды мәселелерді атап өтті.

«Қазіргі таңда біз үшін өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту маңызды болып тұр. Бұл - әлеуметтік медиа дәуіріндегі қазіргі қоғамның міндеті. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында кітапханалардың ерекше рөлі туралы айтты. Президент тәуелсіздік таңында Қазақстандағы кітапхана ісі артта қалып, елімізде мыңдаған кітапхана жабылғанын еске салды. Бірақ соңғы жылдары жағдайды түзету үшін нақты қадамдар жасалып жатыр. Бүгінде «кітапхана ісіне» ерекше назар аудару қажет. Біз өз тарапымыздан кітаптардың оқырмандарға қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді Шолпан Оразаева.
«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ белсенділері қазақстандықтарды Манифестке онлайн қол қою арқылы Қор жұмысына атсалысып, Қазақстанның мықты, әділ және өркениетті келешегін бірге құрып, өзара ынтымақтастық орнатуға шақырады.
Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасына 116 мыңға жуық адам барады. Жыл сайын мекеме 21 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетеді. Мұнда 400 мыңнан астам кітап бар, оның 53 мыңы қазақ тілінде жазылған. Сонымен қатар бұл кітапхана қалалық және аудандық кітапханалардың әдістемелік орталығына айналған.