«Әділдік және өркендеу» қорының Оралдағы қоғамдық қабылдауына жұмыста жарақат алған Мария Серебрякова жүгінді. Ол өтемеақы ала алмай жүр. Марияның жағдайы еңбек нарығында жиі кездеседі. Жұмыс беруші қызметкерлермен еңбек шартын жасаспай, жауапкершіліктен жалтарады.
Жұмыстағы жарақат
Мария Серебрякова кәсіпорында бір жыл бойы формалаушы болып жұмыс істеген. Еңбек шартсыз.
«Түйінді тарқатып жатқан кезде әріптесім сымның ұшын жібере салды. Саусағым сымға оралып кетті», — дейді Мария.
Саусағы сынып, он жерден тігілген. Басшысы ауруханаға өзі алып барған. Ол жерде өндірістік жарақат алды деп тіркелген. Алайда екінші күні бастығы Марияны жарақатты жұмыстан тыс уақытта алдым деп өзгертуге көндірген.
Орындалмаған уәде
Жұмыс беруші Марияның емделуге жұмсайтын шығынын өтеуге уәде еткен. Екі айдың жалақысын төлейміз деп сендіріпті. Алайда уәде сол уәде күйінде қалған.
«Ол 50 мың теңге ғана берді. Ал 18 қараша күні барғанда 200 мың теңге ұсынды. Осымен мәселені жабайық деп ұсынды», — дейді Мария.
Айтуынша, саусақты қалпына келтіруге кем дегенде жарты жыл кетеді. Толықтай қалпына келе ме әлі белгісіз.
Мария ұсынған ақшадан бас тартып, лайықты өтемеақы талап етті. Алайда жұмыс уақыты жазылған табельден оның аты-жөні жойылған.
Заңгер кеңесі
«Әділдік және өркендеу» қорының заңгері Самира Тайтенова мұндай жағдайда дәлелдерді жинақтауға кеңес береді.
«Кәсіпорында жұмыс істегенін дәлелдеу үшін жұмыс берушімен хаттардың скриншоттарын нотариусқа рәсімдету керек. Өзге де аудио, видео айғақ жинаған жөн. Куәгерлер де қажет болады. Бұдан соң Қор сотқа арыз жазып, еңбек қатынасын растап өтемақы алуға көмектеседі», - дейді заңгер.
Қор реестрі
Жұмыс беруші еңбек құқығыңызды бұзса, жалақыны кешіктірсе, бізге хабарлаңыз. «Әділдік және өркендеу» қорының электронды поштасы adil.enbek@gmail.com немесе WhatsApp нөмірі +7 778 978 02 12.
Сондай-ақ өз міндеттерін орындамайтын жауапсыз жұмыс берушілерді білсеңіз, қордың Реестріне қоса аласыз. Былтыр 12 желтоқсанда қорымыз өзінің осындай жаңа бастамасын жариялаған болатын. Жосықсыз жұмыс берушілер тізімінің мақсаты – жұмыс берушінің еңбек заңнамасын сақтауына қоғамдық бақылауды күшейту. Еңбек кодексін бұзу жайттарын жария ету.
Еңбек құқығының бұзылуы жайлы ақпаратты жұмысшы, ұжым, БАҚ, билік органдарының өкілдері, кәсіподақтар, үкіметтік емес ұйымдар және оқиға куәгері де ұсына алады. Бұл үшін Қор сайтында арнайы форманы толтыру керек.