Новости КАЗ

Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнімен құттықтаймыз!

27 ақпанда Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні атап өтіледі. Бұл коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік дамуға, азаматтардың құқығын қорғауға және гуманитарлық көмек көрсетуге қосатын сүбелі үлесі еленетін күн.

Мұндай мейрамды атап өту идеясы 2010 жылы Вильнюсте өткен IX Балтық жағалауы елдері ҮЕҰ форумында ұсынылды. Ал 2012 жылы мерекені Балтық жағалауы елдерінің кеңесі ресми түрде бекітті.

Қазақстанда ҮЕҰ-ның азаматтық қоғам құрудағы және әлеуметтік мәселелерді шешудегі рөлі ерекше. Соңғы онжылдықтарда елдегі үкіметтік емес ұйымдардың саны айтарлықтай өсіп, 22 мыңнан асты.

Бұл ұйымдардың жұмысы қоршаған ортаны қорғаудан бастап адам құқығын қорғауға дейінгі түрлі саланы қамтиды. Демократиялық құндылықтар мен әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға көмектеседі.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры елдегі барлық үкіметтік емес ұйымды мейраммен құттықтайды.

«Құрметті достар мен серіктестер! Осы айтулы күні біз барлық ҮЕҰ-ға тынымсыз және адал еңбектері үшін алғыс білдіреміз. Ынтымақтастықты нығайтып, күш біріктіруге шақырамыз», - деді барша әріптестеріне жылы лебізін білдіргенҚор директоры Дана Рысмұхамедова.

«Әділдік және өркендеу» қоры еңбек құқығын қорғау және жұмыспен қамту саласында жүйелі өзгерістерге қол жеткізу жолында белсенді жұмыс істейді. Сонымен қатар, ұйым азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыра отырып, жол мен мектеп тамағының сапасын бақылау жобаларын жүзеге асырады.

Қор өзге ҮЕҰ және мемлекеттік органдармен күш біріктіре отырып, әрбір адамның құқығы қорғалатын әділетті қоғам құруға ұмтылады.