Қостанай облысына арнайы барған «Әділдік және өркендеудің» еңбек қауіпсіздігі жөніндегі комиссиясының мүшелері «Қостанай минералдары» ұжымымен кездесті.
Мұнда 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Кәсіпорын хризотил асбестін және хризотил талшығын өндіреді. Тау-кен өнеркәсібі саласында еңбектену екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені жұмыс қауіпті әрі денсаулыққа зиян. Сондықтан компания басшылығы жұмыс барысында еңбек қауіпсіздігін сақтау үшін жаңа тәсілдер енгізіп жатыр.
– Біз сіздермен кездесіп, жұмыс барысында туындайтын мәселелер туралы өздеріңізден білу үшін арнайы келіп отырмыз. «Әділдік және өркендеу» қоры өңірлердегі еңбек ұжымдарымен кездесулерді жиі ұйымдастырады. Себебі әрбір жұмысшының пікірі маңызды, - деді комиссия мүшесі, «Казуглепроф» көміршілер кәсіподағының жетекшісі Марат Миргаязов.
Еңбек қауіпсіздігі жөніндегі комиссия былтыр құрылған болатын. Оның құрамына шахтерлер, кәсіподақ өкілдері, металлургтер мен құтқарушылар енді. Комиссия мүшелері осылай өңірлерді аралап, кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасының сақталуына мониторинг жүргізеді.
Сапар қорытындысы бойынша «Әділдік және өркендеу» қорының өкілдері «Қостанай минералдарының» ұжымына ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасасуды ұсынды. Осылайша бірлесіп жұмыскерлерге қауіпсіз және лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз ету көзделеді. Жұмысшылар қоғамдық қормен диалог орнату идеясын қолдап отыр.