«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Ақтөбе өңірлік филиалының өкілдері экологтардың стихиялық қоқыс үйінділеріне қарсы күресін қолдайды. Ол үшін жұртшылық тиісті органдарды белгіленбеген орындарда қоқысты заңсыз жинау деректері туралы хабардар етеді.
«Кейбір ақтөбеліктердің экологиялық санасы әлі де төмен. Ақтөбеде абаттандыру және тазалықты қолдайтын қоғамдық ұйымдар саны артып келеді, яғни соңғы жылдары қарапайым санитарлық ережелерді елемейтін азаматтар көп деуге болады», - дейді «Әділдік және Өркендеу» Қорының Ақтөбе филиалының басшысы Александр Мандрыкин. – «Біздің ұйым облыс орталығының тазалығына да бей-жай қарамайды. Сондықтан біз түрлі экологиялық акция мен жобаларға қатысып қана қоймай, Ақтөбенің шеткі аймақтарында стихиялық қоқыс полигондардың бар-жоғын тексеріп отырамыз».
Мысалы, қоғам белсенділерінің мониторингі нәтижесінде қала мен оған іргелес Алматы және Астана аудандарының тұрғын алаптары арасындағы жолдарда стихиялық қоқыс үйінділері табылды. Негізінен, бұл – құрылыстан қалған қоқыс пен тұрмыстық қалдықтар.
Ақтөбе облысының Экология департаментінің хабарлауынша, ведомство «қалдықтарды заңсыз шығару және оны тыйым салынған орындарға шығару фактілерін анықтау бойынша» рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Мысалы, Мәртөк тас жолының бойындағы жер учаскелерінде белгісіз адамдар қатты тұрмыстық қалдықтарды, құрылыс қоқыстарын, сондай-ақ бүлінген көкөністерді үлкен көлемде қаптап тастады. Оларды жоюға облыс бюджетінен кемінде 500 миллион теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алулар өткізіліп, жеңімпаздар анықталды.
Өңір басшысы Асхат Шахаровтың айтуынша, егер азаматтар саналы болса, бұл қаражатты басқа мақсаттарға жұмсауға болар еді.
«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорын еліміздің барлық өңіріндегі белсенді азаматтары құрды. Олар мемлекет өміріне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру арқылы айтарлықтай атсалысады.