«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының Абай облысындағы белсенділері Шәкәрім университетінің оқытушы құрамы және студенттерімен кездесті. Жиында Қордың басты құжаты – Манифест-үндеу таныстырылып, ұйым қызметі жайлы айтылды.
Босқосуда Манифестің 6 тармағының бірі - азаматтардың қадір-қасиетін құрметтеу және қорғау тақырыбына ерекше назар аударылды.
«Әділетті қоғам әрбір азаматтың қадір-қасиетін мойындау, өзара құрмет пен ынтымаққа негізделуі тиіс. «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының белсенділері бірлесіп қабылдаған құжатта қоғамда ешкімді кемсітуге немесе біреудің азаматтық және қоғамдық құқығына қол сұғуға жол жоқ» делінген. Біз осы қағиданың жүзеге асуына ерекше мән беріп отырмыз»,-деді Қордың Абай өңіріндегі өкілі Райымбек Төлендіұлы.
Кездесуге қатысқан жастар ұйым қызметіне үлкен қызығушылық танытып, көкейіндегі сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Белсенділер сауалдарға жауап беріп, студенттерді Қоғамдық қор жақтастарының қатарына қосылуға шақырды.
«Әділдік және өркендеу» ҚҚ белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдарды біріктіреді. Қордың жақтастары мемлекет өміріне барынша белсене қатысады, олар тең құқықтар үшін күресіп, еңбек адамдарының мүдделерін қорғайды, әділ қоғам құрып, Қазақстанның өркендеуіне ұмтылады.
Қоғамдық ұйым қызметінің басым бағыттары Манифест – үндеуде қамтылған. Қордың құндылықтарын қолдайтын кез келген адам құжатқа онлайн қол қою арқылы оның жақтастарының қатарына қосыла алады.