Новости КАЗ

Халықаралық әлеуметтік теңдік күні: әділдік қоғам дамуының негізі

20 ақпанда әлем халқы Халықаралық әлеуметтік теңдік күнін атап өтеді. Бұл әлеуметтік мәртебесіне, жынысына, жасына немесе ұлтына қарамастан барлық азаматтар үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктердің маңыздылығын еске салатын ерекше дата.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек адамының құқығын қорғайды. Қор белсенділері әлеуметтік теңдік жай ғана ұран емес, қоғамның дамуының, адам құқықтарының қорғалуының негізгі өзегі деп санайды. Сондықтан, қор қолға алған жобалар әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған.

Біз немқұрайлы болмауға, әлдеқайда әділ әрі бақуатты қоғам құруға бағытталған қор бастамаларына қосылуға шақырамыз. Біз бірігіп мектептегі тамақ сапасына, жол құрылысына мониторинг жасай аламыз. Және әрбір белсенді азаматты еңбек қауіпсіздігін қорғай отырып жосықсыз жұмыс берушілердің Реестрін жасақтауға күш салуға шақырамыз.
Біз тек біріксек қана әділетті әрі бақуатты Қазақстанды құра аламыз!