Новости КАЗ

ШӘМШІ ХАМЗЕ, «Қазақмыс» компаниясының кеншісі: «Біздің кәсіподақтар енжар»

«Қоғамдық қор - билік пен халықтың ортасындағы алтын көпір. Жергілікті жерлердегі Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік тапсырысты ғана орындайды. Біз мұндай ұйымдардан, үндемей қол көтеретін депутаттардан шаршадық.

Біздің кәсіподақтар енжар. Бұған халықтың өз құқығын білмеуі, талап етпеуі де әсер етіп отыр. Егер әрбір кенші, әрбір жұмыскер өз құқығын білсе, заң шеңберінде талап етсе билік жұмыс істеуге дайын» деп мәлімдеді Астанада өткен басқосуда Ұлытау облысының белсендісі, кенші Шәмші Хамзе.