Петропавлда «Әділдік және өркендеу» өкілдері осы мәселені көтерді. 10 жыл бұрын қабылданған бағдарламамен оңтүстіктен келіп оқыған студенттердің басым бөлігі өңіріне қайтуға мәжбүр. Он жыл ішінде өңірдегі жалғыз университетті 1373 студент бітірген. Оның 70 пайызы үйіне оралды.
Биыл 68 студент қолына диплом алады. Олардың да СҚО-да қалуы екіталай. Студенттер диплом алғасын екі жыл солтүстікте грантты өтеуі керек. Бірақ жұмыс болмаса, бұл қиынға соғады, дейді 2‑курс студенті Диас Ізбасар.
«Өңірге келушілердің саны көп болғанымен, қалушылардың саны шамалы. Қазіргі уақытта осы жаққа әкелу мәселесіне назар аударып жатыр, ал өңірде қалдыру жағы ақсап тұр. Бұл жақта жағдай жасалса, ешқандай жарнаманың қажеті болмайды, халық өзі келеді», - дейді ол.
Қолжетімді баспана жоқ, еңбекақы төмен, туыстарынан алыс және күн суық. Түлектердің қайтып кетуінің басты себептері осындай. Оңтүстіктен келген студенттердің орыс тілін жетік білмеуі де өз өңіріне оралуына түрткі болады.