Новости КАЗ

Қор белсенділері Оралдағы жоғары аграрлық-техникалық колледжінің педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді

«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Батыс Қазақстан облысындағы өкілдік басшысы Асыланбек Губашев Орал қаласындағы орта кәсіптік білім беру мекемесінің оқытушылар құрамына Манифест-үндеуді таныстырды.

Кездесу барысында өңірлік өкіл Қордың міндеттері мен қызметінің басым бағыттарын атап, Манифестегі жұмысшылардың құқықтарын қорғау, кірістерді бөлудегі әлеуметтік әділеттілік, заң алдындағы теңдік, барлығына бірдей мүмкіндіктер, әр азаматтың қадір-қасиетін құрметтеу және қорғау, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы сынды 6 негізгі қағидаға тоқталып өтті.

«Қордың міндеті қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар және жауапты ведомстволармен өзара әрекеттесіп, қазақстандықтарға өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесу болып табылады. Соның арқасында мемлекет ел тұрғындарының үнін естіп, «әділ Қазақстанды» құру үшін бағдар алады», - деді «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы Асыланбек Губашев.
Кездесуге қатысушылар қоғамдық ұйымның бастамаларын қолдады.

«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдарды біріктіреді. Қор Мемлекеттік органдардың экономикалық, басқарушылық, әлеуметтік шешімдерін талқылауға азаматтардың қатысуын қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің барлық азаматына арналған Манифест – үндеу «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының басты құжаты болып табылады. Кез келген адам оның жұмысының негізгі қағидаларымен танысып, Манифестке онлайн қол қоя алады.